Жамбыл ЖТ бөлімшесі жаңа оқу жылына 347 балаға қолдау көрсетті

Әлеумет
29.08.2025, 08:50
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалындағы кәсіподақ ұйымы биылғы оқу жылында теміржолшылар отбасына арнап оқу құралдары салынған 347 рюкзак дайындады.

Осыған орай Жамбыл жол бөлімшесіне Тараздағы құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері шақырылды. «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов, «Қазкөліккәсіп» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев, кадрлар бөлімінің бастығы Меруерт Баймұрзаева, Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Наурызбаев әлеуметтік топқа енген отбасыларға жаңа сөмкелерді табыс етті.  

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бастамасымен жыл сайын жаңа оқу жылында теміржолшылар отбасындағы мектеп оқушыларына оқу құралдарымен бірге жаңа сөмке сыйлау дәстүрге айналған. Бүгінгі жас жеткіншек – ертең ел тірегі. Біз жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Биыл Жамбыл бөлімшесі әлеуметтік топтағы отбасылардың тізімін өткен жылмен салыстырған 55-ке дейін арттырдық. Бұл филиалға қарасты құрылымдық бөлімшелердегі қызметкерлердің 10 пайыздан астамын құрайды, – деді Айдын Пайзылдаұлы.  

Сапалы сөмкелердің ішінде оқу құралдарының барлық түрі бар. Кәсіподақ ұйымының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ерболат Жидебаевтың айтуынша, салалық бастауыш кәсіподақ ұйымдары 5 және одан асатын көп балалы отбасылар мен жалғызілікті аналардың тізімін жасаған.  

Жалпы Жамбыл ЖТ бөлімшесі жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылатын республикалық «Мектепке жол» акциясына да үн қосып, атсалысып тұрады. Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Наурызбаев сөмкелер алдымен Жаңатас, Қаратау, Түлкібас, Сарышаған, Шу, Түрксіб секілді шалғайдағы құрылымдық бөлімшелерге таратылғанын жеткізді.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды