Қызылорда теміржолшылары балаларға қуаныш сыйлады

Әлеумет
04.09.2025, 10:15
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жаздың соңғы күндері. Қала да, ауыл да әбігер. Әр үйде мектепке дайындықтың қарбаласы. Бірі дәптер, бірі қалам іздеп жүргенде, бірінің жүрегін алаңдатқан ойы «баламды жаңа оқу жылына қалай даярласам екен» деген қам-қарекет.

Осындай сәтте Қызылорда аймағының теміржолшылары бүлдіршіндердің жүрегіне қуаныш сыйлап, дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясын тағы бір мәрте жүзеге асырды.

Кішкентай ғана алақанға сыймайтын қуаныш бар – ол қолына жаңа сөмке тиген баланың шат күлкісі. Сөмкенің ішінде түрлі-түсті қаламдар, қаз-қатар тізілген дәптерлер, әдемі суретті альбомдар. Баланың көз жанарында ерекше от ойнап, қуанышын жанындағыларға көрсеткісі келіп, сөмкесін бір ашып, қайта жауып, «менің де мектебім бар» дегендей мақтанышпен қарайтыны бар емес пе?!

Бұған дейін Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директорының орынбасары Ербол Оңғарбаев пен кәсіподақ ұйымының төрайымы Салтанат Махмутова, Теміржолсу-Қызылорда мекемесінің бастығы Абдулла Насыр мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Анар Қамбарова, Қызылорда жол дистанциясының директоры Марат Оңалов пен Ғалия Ноғайбаевалар балаларды қуантып, үлкендердің батасын алды. Биыл да қуанышты талай үйдің төрінде сезіндірген теміржолшылар болды. Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Әбдірахман Сырғабаев пен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова 24 баланы қуантты. Ал Қазалы вагон пайдалану депосының директоры Арғын Орымбаев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Ибрайым тағы 10 балаға оқу құралдарына толы сөмке тарту етті.

«Баланың қуанышы ата-ана үшін де, біз үшін де ең үлкен сый. Әсіресе шалғайдағы шағын станцияларда тұратын бүлдіршіндерге деген қамқорлықтың жөні бөлек. Балалар бізге емес, болашаққа қарап қуанды, – дейді Ғалия Қожахметова.  

Шынында да, орталықтан қашық ауылдағы бір баланың қолына сөмке тигендегі әсерін сөзбен жеткізу қиын. Ол сәт ата-ана үшін демеу болса, бала үшін үлкен үміт.

Жыл сайынғы дәстүрлі бұл акция жай ғана көмек емес. Бұл теміржолшылардың жүрек жылуы, балаға деген сенімі, болашаққа деген аманаты.  

Жалпы биыл да Қызылорда өңірінідегі барлық мекемелерде мектепке баратын балдарға көмек берілді. Әр кәсіподақ ұйымының мүшесі биыл мектепке баратын балалардың барлығын сыйлықсыз қалдырылған жоқ. Тіпті, мектеп формасын не жабдығын алу үшін қайырымдылық көмек сұраған жанның да меселі қайтарылған жоқ.  

«Үйде көпбалалымын, мектепке дайындық біз үшін ең үлкен сынақ. Осындайда теміржолшылардың көрсеткен көмегі жүрегімізге жылу сыйлайды. Баламның қуанышы біздің қуанышымыз,- деп шынайы ризашылығын білдірген ата-анаға да шын алғыс. Осылайша аймақ теміржолшылары барлық ата-ана мен баланың алғысына бөлене білді.

Балдырғандардың шат күлкісін көргенде, осы еңбектің барлығының өтеуі табылғандай. Өйткені нағыз қуаныш сол кішкентайлардың жанарындағы жарық пен жүрегіндегі сенім.

Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
03.08.2026
ҚТЖ мен ТЖД теміржолдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды пысықтады
Жаңалықтар
03.08.2026
Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында
Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл