ҚТЖ балаларға ерекше қамқорлық көрсетуде

Әлеумет
12.09.2025, 08:37
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде балаларға және олардың өміріндегі маңызды сәттерге ерекше назар аударылып отыр. Бұл құндылық «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында да кеңінен дәріптелуде.

Биыл Қазақстан бойынша мектеп табалдырығын 363 461 бала аттаған болса, оның 19 374-і теміржолшы отбасының балалары екен. Жалпы, бүгінде теміржолшы отбасылардың мектепте оқитын 6-17 жас аралығындағы балаларының саны 112 мың шамасында. Ал мектепті санаулы айлардан соң бітіретін балалар санына келсек, ол 13 960-ты құрайды. Ал осы жеткіншектер мен жасөспірімдердің мектеп өміріндегі ең айтулы күндері қайсысы дейтін болсақ, ол бірінші сыныпқа барған күн мен білім ордасымен қоштасқалы отырған соңғы қоңырау күні. Бұл даталарды Ұлттық компания да назардан тыс қалдырмақ емес. Компания басшылығы бірінші қоңырау немесе соңғы қоңырау сияқты оқиғалар отбасы үшін ерекше кезең екенін ескере отырып, жақында ұжымдық шартқа жаңа әлеуметтік жеңілдік – қосымша ақылы демалыс күнін енгізгенін айтар едік.  

Бұл демалыс күні, баласы бірінші сыныпқа барып жатқан және баласы мектепті бітіріп жатқан компанияда жұмыс істейтін барлық әйелдерге, сондай-ақ баланы (балаларды) анасыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға беріледі. Осылайша, ата-аналар ең маңызды сәттерде, яғни 1 қыркүйек (Білім күні) және соңғы қоңырау күні балаларының жанында бола алады.  

Ақылы демалыстың бұл қосымша күні – баланың өміріндегі маңызды күнде оған қолдау көрсете отырып, оның толқуы мен қуанышын бөлісу мүмкіндігі болмақ. Атап өтерлігі, демалыс күні өндірістік процестер мен жұмыс кестелерін бұзбай отырып ойластырылған.  

Бұл шара компания тарапынан өзінің қызметкерлері мен балаларына деген құрметін білдіреді, сондай-ақ адамгершілік пен ілтипатқа толы корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қадам болмақ.  

Бұдан бөлек «ҚТЖ» ҰК» АҚ жыл сайын компанияның игі бастамасы болып табылатын «Балаларды мектепке дайындайық» қайырымдылық акциясын өткізіп, республикалық «Мектепке жол» акциясына да белсенді қатысып келеді. Биыл компания өз жобасы аясында 3-5 класты шалғай станция, бекеттерде тұратын, көп балалы теміржолшылардың отбасыларынан шыққан бірінші сыныпқа баратын 700 оқушыны мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп, жаңа оқу жылы басында теміржолшы отбасыларына қолдау білдірді.  

Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша теміржол саласында еңбек ететін еңбеккерлердің 8-13 жас аралығындағы 6 мың баласының жазғы маусымда демалысы ұйымдастырылды. Мәселен, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген теміржол саласы қызметкерлерінің көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 250 бала жазғы демалысын Астанада өткізді. Балалар мұхитаралға, Теміржол көлігінің орталық мұражайына, «Бәйтерек» монументіне барып, Есіл өзенінде теплоходпен серуендеді. Осылайша, кәсіподақтың ұйытқы болуымен жазғы және қысқы демалыс кезінде Астананы теміржолшылардың 2500 астам баласы тамашалады. Бұл дәстүр жыл сайын жалғасын тауып, балаларға балғын шақтың әсерлі естеліктерін сыйламақ.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты