Қарттарым – алтын қазынам

Әлеумет
06.10.2025, 12:21
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

1 қазан — Қарттар күні мерекесіне орай Атырау жүк тасымалы және магистралдық желі бөлімшелері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен  «Қарттарым - алтын қазынам» атты іс-шара өтті.  

Кездесуге келген қариялар бірі-бірімен сағына көрісіп, құшақтар айқасып, емен-жарқын әңгіме өрбіді. Мереке барысында Атырау теміржолының зейнеткер ардагерлері арнайы көлікпен Махамбет ауданы Сарайшық селосындағы «Хан ордасы - Сарайшық» мемориалды кешені және «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық орталығына сапарлады.  

Айта кетелік, бұл орталық туристер мен келушілер үшін барлық жағдай жасалған кешен. Мұнда әкімшілік ғимарат, қонақүй, шаруашылық-тұрмыстық үйі секілді бірнеше ғимарат, экспозициялық-көрме залдары, қор қоймасы, 100-150 орындық мәжіліс-залы, зертханалық және қалпына келтіру үй-жайы, кітап қоймасы мен электронды мәліметтер базасы бар кітапхана орналасқан.  

Сарайшық - Алтын Орданың алғашқы сауда орталықтарының бірі болған, кейін Ноғай Ордасының астанасы атанды. 1999 жылы «Хан ордасы – Сарайшық» мемориалды кешені салынды. 1999 жылы мешіт пен  осы жерде 7 хан жерленгені туралы естелік тақта орнатылған биіктігі 17 метр кесене тұрғызылды. Қарттар орталықты аралап, музей жәдігерлерін тамашалап, өткен тарихтан көптеген мағлұматтар алды.  

Саяхат соңынан қарттарға мейрамхана төрінде дастархан жайылып, мың бұралған би,  көңілді күй мен әсем ән орындалды. Мұнда да ақжарма тілектер ақтарылып, бата берілді. Бөлімшеде ардагерлер кеңесі біраз жылдардан бері жұмысын жасап келеді. Сонымен қатар әр мекеменің кадр мамандарынан құралған «Ардагерлер штабы» құрылған. Олар да ардагерлерге жан-жақты қызмет, көмек көрсетумен айналысады. Төраға Х.Айтимовтың айтуынша, бүгінде екі мыңнан астам еңбек ардагері бар. Оларға ұжымдық шартқа сай барлық көмектер беріледі. Қазақ қоғамында аталар мен әжелер – елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Олар қашан да елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген. Ортамызда жүрген қарияларымыздың елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері қоғам дамуында ерекше орын алады.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл