Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық акциясы өтті

Әлеумет
26.03.2026, 10:09
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл локомотив пайдалану депосының ұжымы ізгілік пен мейірім мерекесі – Ұлыстың ұлы күнін Наурызнама онкүндігінің аясында әр күнді мерекелік іс-шаралармен өткізді.

15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай көпбалалы отбасыларға азық-түлік себетін таратты. Акцияға депо бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Мәди Қонысбаев бастаған мамандар түгел үлестерін қосып, күнделікті тұтынатын азық-түлік сатып алып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетті.  

– Наурызнама – бұл мерекелік іс-шаралар ғана емес. Ғұрыптық дәстүрлерді жаңғырту, қоғамды ізгілікке үндеу. Ұлыстың ұлы күнін тойлаудың тарихи мәнін жас ұрпаққа өнеге етіп көрсету. Әр күннің өзіндік мазмұны бар. Табиғатты қорғау, адамдарды жақсылық жасауға, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсетуге үндейді, – дейді Мәди Қонысбаев.  

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы татулықты күшейту және әр күнді белгілі бір мазмұнмен атап өтуді мақсат тұтқан Наурызнама онкүндігі аясындағы іс-шаралар Жамбыл локомотив пайдалану депосында ай бойы жалғаса бермек.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды