Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды

Әлеумет
02.06.2026, 11:42
Сурет: Астана әкімдігі

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елорданың Алматы ауданына қарасты Теміржолшылар елді мекенінде орталық гүлзардың жаңартылған нұсқасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Абаттандырылған қоғамдық кеңістіктің ашылу рәсімі мерекелік әрі ерекше көңіл күйде өтті. Іс-шара барысында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, түрлі ойындар ұйымдастырылып, тәттілер мен сыйлықтар таратылды. Балалар жаңартылған демалыс аймағында уақыттарын көңілді өткізіп, алғашқы келушілердің қатарында болды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы ауданы әкімінің орынбасары Сералы Тәжіханов және «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек қатысып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер құрудың маңыздылығын атап өтті.

Қайта жаңғырту жұмысы барысында гүлзар мен алаң аумағы толықтай жаңартылып, абаттандыру элементтері ретке келтірілді. 

Тұрғындардың жайлы демалысына барлық жағдай жасалды. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, жаңа орындықтар, көше жарықтандыру шамдары және қоқыс жәшіктері орнатылды. 

Сондай-ақ футбол алаңы мен автотұрақ орындары қарастырылды.

Көгалдандыру жұмысы аясында ағаштар мен гүл көшеттері отырғызылып, қоғамдық кеңістіктің сыртқы келбеті айтарлықтай жақсарды. Жаңартылған гүлзар балалардың қауіпсіз демалысына және отбасылық серуенге қолайлы орынға айналды.

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды