Тағы екі жүз бала демалады

Әлеумет
31.07.2026, 09:43
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолшыларының балалары жаздың рахатын көруде. Жақында бір топ бала Ақтау қаласының Каспий теңізі жағалауындағы «Еркемай» демалыс лагеріне аттанды.

Оларға демалыс орны 22-31 шілде аралығында қызмет көрсетсе, тамыз айының басында дәл осы лагерь түбек теміржолшыларының тағы да жүз баласын қабылдайды.  

Балалардың мектеп демалысындағы қызыққа толы күндерінің жалғасы 14-23 тамыз аралығында Ақмола облысындағы «Зеренді» демалыс орнында ұйымдастырылады. Пойызбен солтүстік өңірге саяхат ретінде де естен кетпестен әсер қалдыратын бұл лагерьге жүз баланы жіберу жоспарланған.  

– 22 шілде күні түбектегі түрлі құрылымдық мекемелер бойынша теміржолшылардың жалпы саны екі жүз баласы сауықтыру орындарына жіберілді. Оның ішінде біздің Маңғыстау жол дистанциясынан елу шақты бала кетті. Біз бірінші кезекте ауыр жұмыс атқаратын жұмысшылар отбасында тәрбиеленіп жатқан 7-13 жас аралығындағы ұл-қыздарды іріктеп алдық. Өзіміз алып барып, лагерьдегі жағдайды, күн тәртібі мен тамақтануларын көріп қайттық. Бұл – Ақтау қаласындағы біраз жылдан бері бала қабылдап, қызмет көрсетіп келе жатқан сауықтыру орны. Сондықтан жағдайға көңіліміз толды, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының бірінші санатты технигі Шынар Кошманова.  

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?