Жеті сағаттық «толаскез» жалғасуда

Әлеумет
09.11.2018, 11:08

Бүгінгі таңда жолдың жөнделетін 14 шақырымы қалды. Бастапқыда толаскез кестесін үзіп-үзіп жариялай отырып құрған жол салушылар енді күннің күрт суытып, жердің қатуына байланысты осы аптада қатарынан 7 тәуліктік «толаскез» бекітті. 

Қыркүйекте басталған жөндеу жұмыстарын «Теміржол жөндеу» ЖШС-не қарасты «Астана» ПМС мекемесі жасауда. Жұмыс басында Астана жол дистанциясының директоры Ертас Сыздықов пен оның жолды күтіп ұстау бойынша орынбасары Бағдат Ерсұлтанов бастаған жолшылар 1996 жылдан бері жатқан ағаш шпалдарды темірбетон түріне ауыстырған мердігер мекеме жұмысшыларының жол жөндеу жұмыстарын қадағалап, қабылдап алуда. Таңертең сегізден кешкі сегізге дейін тыным таппай жұмыс істеп жатқан мердігерлер жұмысына дистанция басшылығы оң баға берді. Соңғы 7 тәуліктік толаскез барысында олар жоспардағы телімнің қалған барлық шақырымдарын жөндеу жұмыстары аяқталады деп отыр.

– Міне, көріп тұрғаныңыздай, жол ескірген, мердігерлер жаңа темірбетон шпал, бекітпелер және қиыршық тас пайдаланып, жолды жаңартуда. Біздің дистанция бойынша 2018 жылға 54 км жолды күрделі жөндеуден өткізу көзделген еді. Бұған дейін соның 13 км жолын осы мердігер мекеме Шортанды-Ақкөл аралығында жасап шықты. Енді қалған қырық шақырым осы Қырқыншы-Сарыоба телімінде жүріп жатыр. Бұдан бөлек, дистанцияның өз жолшыларының күшімен 4 км жерге орташа жөндеу жүргіздік. Орташа жөндеу Астана, Жасыл және Шортанды станциялары бойынша жасалды. Қарамағымызда мыңнан астам адам қызмет етсе, соның 525-і – жолшылар. Қазіргі таңда мекемеміз қысқы маусымға дайындық жұмыстарын пысықтап отыр, – дейді Астана жол дистанциясының директоры Ертас Сыздықов.

Бұл Ақмола магистральдық желі бөлімшесі бойынша жүргізіліп жатқан үшінші күрделі жөндеу, біріншісі Атбасар телімінде 38 км жерге, екіншісі Ақкөл-Шортанды телімінде 13 км жолға жасалған. Күрделі жөндеу жүргізіп жатқан мердігер мекеменің аға жол шебері Айдар Қожамқұлов «Теміржол жөндеу» ЖШС бойынша биылға 112 км жолға күрделі жөндеу жүргізу міндеттелгенін атап өтті. Бүгінде соның 85 шақырымы бойынша жұмыс біткен.

– Мен негізінен жолды төсеу жұмыстарымен айналысамын. Ескі жолды бұзатын жолшылар бөлек. Бұған дейін осы солтүстік өңірмен қоса Тараз-Шымкент жақта да жөндеу жүргіздік. Осы Қырқыншы-Сарыоба телімі – біздің биылғы соңғы жұмысымыз. Біз үшін ауа-райының қолайсыздығы деген болмайды. Ештеңеге қарамай жұмыс жүргіземіз. Қазіргі таңда көптеген техникамыз және 5 вагонымыз бар, оның бірі – асхана, қалғандары – жолшыларға, механизаторларға, командирлік вагондар. Бір телімнің күрделі жөндеуіне 120 адам жұмылдырылады. Техникаларымызға келсек, 2 кран, 4 МПД моторка деген техника бар, ол рельс-шпалды торкөздерін тартады, топырақ пен қиыршық тас төккен соң соның артынан баластер деген техника жүреді, ол жолды көтергенде қиыршық тас астына түседі. Одан әрі ВПО 3000 техникасы жерді нығыздайды. Содан бөлек 4 трактор, 1 автогрейдеріміз бар, – деген Айдар Қожамқұлов жаңа жол төселгеннен кейін пойыздардың қозғалыс жылдамдығы сағатына 100-140 километрге дейін артатынын атап өтті.

Райхан РАХМЕТОВА  

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады