Үздіктер еңбегі еленді

Әлеумет
09.11.2018, 11:21

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымы күзгі комиссиялық тексерудің нәтижесін қорытындылап, үздік теміржолшыларды марапаттады.

Жалпы дистанция ұжымы Анакөл бекеті мен Шорнақ станциялары арасындағы төрт жүз шақырымнан асатын теміржол учаскесінде жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қызмет етуде. Комиссиялық тексеру кезінде СОБ құрылғылары, радиобайланыс тетіктері, релелік будкалар, ВОЛС, КТСМ-02 контейнерлері мен ЭЦ қосынының ғимараттары, байланыс құрылғыларының қатал маусымда жұмыс жасауы ерекше бақылауға алынып, нәтижесінде 295 кемшілік анықталған. Десе де, дистанция қызметкерлерінің әбжіл іс-қимылдары арқасында кейбір олқылықтардың орны дереу толтырылса, ал қайсыбірін түзетуге уақыт белгіленіп, акт жасалған. Тағы бір атап өтерлігі, күзгі тексерісті жүргізуші комиссия назарынан дистанция мамандарының кәсіби міндеттерін мінсіз атқаруы да таса қалмай, осы бағытта бірнеше сатылы бақылау өткізілген. Сонымен қатар дистанция тарапынан көмек-қолдауға ие Шорнақ станциясындағы СОБ, ЭЦ қосыны мен көптеген байланыс құрылғылары да комиссия қарауынан өтті. Ақмая мен Шорнақ бекеті дистанцияның шефтік көмек көрсетілетін нысаны саналады. Сондықтан осындағы теміржолшылардың жұмысын ұйымдастырып, басшылық етіп әрі бекеттердегі байланыс құрылғыларының үнемі бабында болып, мінсіз қызмет көрсетуіне жауапты аға электромеханик Анарбай Юсубаевтың да марапатталушылар қатарынан табылуы заңдылық еді.  

– Жылына екі мәрте, яғни күз және көктемде өткізілетін комиссиялық тексеру – пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтау шараларын арттыру, маусымдық жұмыстарға еңбек ұжымдарының, шаруашылықтың дайындығын пысықтау және кем-кетікті уақытылы түзетуге бағытталған емтихан іспеттес. Биылғы жылы біздің ұжым күзгі комиссиялық тексеруді ұйымшылдықпен өткізіп, анықталған кемшіліктерді дер уақытында жойды, әрі жылжымалы құрамдардың телімдерден кедергісіз әрі қауіпсіз өткізілуіне қажетті жағдайды жасады. Адал еңбек өтеусіз қала ма? Жоқ, әрине. Өндірістік жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыра білген теміржолшылар еңбегі еленіп, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараевтың №219 бұйрығы негізінде дистанция басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан марапатқа ие болды, – дейді дистанцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Марияш Шайкемелова.

Күзгі комиссиялық тексеру барысында өз учаскелеріндегі өндірістік ғимараттарды таза, санитарлық нормаға сай әзірлеп, байланыс құрылғыларының бабында жұмыс жасауына көп еңбек сіңірген дистанция теміржолшылары арасынан Шиелі-Түркістан учаскесінің аға электромеханигі Қалмахан Увашев, Сауран станциясынан КТСМ-02 құрылғысын қыс маусымына кәсіби тұрғыда дайындай білген КТСМ электромеханигі Асылбек Бұхарбаев, шефтік нысан Ақмая бекетінен ДСП ғимараты мен СОБ құрылғыларын әзірлеген Әбілхан Майгелдиев пен өндірістік ғимараттар мен автогаражды, дрезина боксын қыс маусымына сақадай сай дайындаған автомотриса машинисі Өркен Маханов дистанция басшысымен кәсіподақ ұйымының атынан мақтау қағазын иеленді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Суретті түсірген автор


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады