Асқаралы алпыс асуында

Әлеумет
12.11.2018, 11:03

Теміржол саласына қырық жылға жуық ғұмырын арнаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің жетекші инженері Түгел Боранбаев асқаралы алпысқа келіп отыр, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі.

Әріптестері мерейтой иесі туралы жылы пікірде, өз ісін жетік білетін маманмен қатар адамгершілігі асқақ азамат деседі. Ал Түгел ағамыз болса, өмірін теміржолмен байланыстырғанын тағдырдың сыйы деп біледі.

«Оқу бітірген мамандығым да қозғалыс қауіпсіздігі болатын, қазіргі күнге дейін осы салада жұмыс жасап келемін. 17 жыл бойына диспетчер болып жұмыс істеп, пойыздар қозғалысын реттеп реттеп отырдық. Батыс өңірі бойынша 6 жол бөлімшесі бар. Тепловоз шаруашылығының, вагон шаруашылығының ревизорлары, қозғалыс учаскелік ревизорлардың жұмысын қараймыз. Қозғалыс қауіпсіздігінде жалпы саны 60-қа жуық адаммен жұмыс жасайды екенбіз. Әр жұмысшының өз міндеті бар. Олардың ай сайынғы жұмыс нәтижесіне бақылау жасап отырамыз», - дейді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің жетекші инженері Түгел Боранбаев.

Теміржолшы ағамыздың темір жол саласына қызығушылығы балғын балалық шағынан басталған. Сол себепті ол мектеп бітіргесін құжаттарын 1975 жылы темір жол техникумына тапсырыпты. Оқып жүрген уақытында әскери борышын өтеп, 1980 жылы оқуын бітіреді. Дипломына қосып, Жіңішке станциясына жолдама алған жас маман сол жылы алғаш рет еңбек жолын бастады. Пойыз құрастырушысының көмекшісі, станция кезекшісі болып алты жыл еңбек етіп, кейін пойыз диспетчері қызметіне ауысады.

«2008 жылдан бастап Батыс өңірлік қозғалыс қауіпсіздігі бөлімі ашылды. Мені сол бөлімге жетекші етіп тағайындады. Содан бері осы қауіпсіздікті қадағалаушы қызметімен абыроймен атқарып келемін. Бұл қызметтің де өз жауапкершілігі, күрделі тұстары бар. Кейде тәртіпті талап еткен кейбір адамдарға жақпай жатады. Бірақ, темір жол титтей де кемшілікті көтермейді, әсіресе, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мәселесінде бұл талап қатаң сақталуы тиіс. Темір жол саласына жұмыс істеуге келген адам өзін тәртіпке бағынуға үйрету керек. Қозғалыс қауіпсіздігінің нұсқаулығы мен техниканы пайдалану ережесін жатқа білуге тиіс», - дейді Түгел Боранбаев.

Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады