Сергектік сыйлаған сапар

Әлеумет
15.11.2018, 11:56

Спорт – адам денсаулығын шыңдап, сергектік сыйлайтыны сөзсіз. Сонымен қатар, спорт адамдарды бір-біріне жақындастыратын корпоративтік шара. Жуырда Астана қаласында өткен сайыс – соның айғағы.  

Мен 2008 жылдан бері Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясында КТСМ электр механигі болып жұмыс жасаймын. Отбасымда 5 қызым бар. Осы жылдың 29 қазан–3 қараша аралығында Астана қаласында «КТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Әкем, анам, мен – спортшы жанұямыз» атты отбасылық сайысқа жолдасым Балқан Самендирова және 2006 жылы туған қызым Нурсаулемен қатысып қайттық. «Нұрлы Жол Астана» вокзалынан түскен бізді арнайы такси күтіп алып, қонақ үйге әкеліп орналастырды. Ол жерде жан-жақтан келген әріптестерімізбен кездесіп, танысып, пікірлесіп риза болдық.

Сайыс болатын жерге бізді арнайы көлікпен апарып, әкеліп тұрды. Сайыстың ашылу салтанаты, ондағы концерттік қойылымдар тамаша өтті. Ұйымдастырушылардың шешімімен әр отбасын топтарға бөлгенде, менің отбасыма әр өңірден келген үш отбасы келіп қосылды. Олар Семей, Павлодар және Алтынкөл стансасынан келген екен. Бір-бірімізбен танысып-біліскен соң, бірлесіп командымызға «Құлагер» деген атау бердік және ұранын дайындадық. Жеңіске жетеміз деген сеніммен сайысқа қатыстып, бірінші турдан өтіп, жартылай финалға жеттік. Сайыс әділ өтті. Біздің тобымыз 4-орын алды, жеңіске жетпесек те еш реніш болған жоқ. Басқа командалар жеңісіне қуана қол соқтық. Жаңа достар тапқанымызға қуанышты едік. Сайыстан соң да бір-бірімізбен хабар алысып, қатысып тұратын болып, қимай қоштастық.

Бос уақытымызда отбасымызбен Астана қаласын араладық, алған әсерімізді ауызбен айтып жеткізе алмаймыз. Бізді ертіп апарған Атырау теміржолының спорт нұсқаушысы, жетекшіміз Ринат Имангазиев әрдайым жанымыздан табылып, жағдайымызды сұрап, жоғымызды тауып беріп отырды. Жалпы, сайыстың жоғары дәрежеде ұымдастырылғанына баршамыз риза болдық. Барша қатысушылар атынан теміржолшылардың корпоративтік рухын көтеру мақсатында осындай шараны ұйымдастырып отырған «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына үлкен алғыс айтамын.

Нұрлан Анетов, теміржолшы

Атырау


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады