Шымкенттік теміржолшылар отбасы «Алтын топ» республикалық турнирінде бақ сынады

Әлеумет
22.11.2018, 14:10

17-18 қараша күндері Алматыда жыл сайын өтетін «Алтын доп» республикалық турнирі болып өтті. Бұл турнирдің ерекшелігі, оған тек бір әулеттен шыққан ойыншылар ғана қатысады.  

Биыл жарысты Престиж футбол лигасы (PFL-2018) ұйымдастырыпты. Турнирге барлығы 20 команда қатысты. Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінен сайысқа арыстық теміржолшылар Жаңабаевтар әулеті қатысып, сол жиырма команданың ішінен 6-орынға табан тіреді. Салауатты өмір салтын ұстануды дәстүрге айналдырған әулет аймаққа бұрынна-ақ танымал. Биыл бөлімшенің намысын республикалық жарыста қорғаған әулет командасы 8 адамнан құралған. Ойын алаңында бес рет қарсыластарымен кездесіп, жалпы есепте алтыншы орыннан көрінген теміржолшылар әулетінің жеңісі жоғары бағалауға лайық.    

 Шымкент ЖТ бөлімшесіндегі диспетчерлік орталықтың электромеханигі Панзарбек Жаңабаевтың айтуынша, жарысқа қатысу ақылы түрде жүргізілген.  

«Турнир жылына бір рет өтеді. Шыны керек, біздің ешқандай жаттықтырушымыз да, демеушіміз де жоқ. Бәрі ақылы. Алматы қаласына да өз қаражатымызбен барып, өзіміз қатысып келдік. Жолақысы, тамағымыз, қонақ үй – бәрінің қаражаты өз қалтамыздан шықты. Жарысқа жылдағыдай балаларым мен немерелерім қатысты. Менің бір тілегім, Шымкент ЖТ бөлімшесі басшылығы, оның ішінде кәсіподақ бөлімі осы жағын ескеріп, қаржылай қолдаса деген ұсынысым бар. Себебі, спорт – салауатты өмір салты. Оның үстіне, әулетіміз аймақтағы бөлімшенің абыройын көтеріп жүр ғой», – деген әулет ағасының сөзінің жаны бар.

 Жалпы, жұмыс өтілі жүздеген жылдарды құрайтын еңбек әулеттері теміржолда көптеп саналады. Ендеше, ҚТЖ спорт мамандары алдағы уақытта олардың арасында өзара жарыстар ұйымдастыру арқылы әулеттер даңқын арттыра түссе, нұр үстіне нұр болмақ.

Жансая Сыдықбай, Шымкент 


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады