Қызылорда облысын аралаған «Денсаулық» пойызы 7 мың адамға қызмет көрсетті

Әлеумет
22.11.2018, 14:11

Заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған дөңгелек үстіндегі емхана – «Денсаулық» пойызы 14 қазан мен 2 қараша аралығында Қызылорда өңірін аралап, 7 мыңға жуық жергілікті тұрғынға дәрігерлік қызмет көрсетті. 

Алдымен, қазан айының 14-24 аралығында Сексеуіл-Төретам станциялары арасындағы сегіз станцияда болып, 3400 адамға дәрігерлік ем-дом жасаған құрам Қазалы станциясындағы теміржол емханасы дәрігерлерінен жасақталған. Одан кейінгі Қызылорда станциясындағы теміржол ауруханасының 12 дәрігері мен 11 медбикесі 24 қазан мен 2 қараша арасында Қызылтам мен Сауран станциялары арасындағы жеті бекеттен 3288 адамды дәрігерлік тексеруден өткізіп, тиісті көмек көрсеткен.

– «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы «Әлеуметтік жобалар қоры» жүзеге асырып жатқан корпоративтік жобалар шеңберінде темір жол бойындағы шағын бекеттер мен станция тұрғындарын медициналық пойыздармен скринингтік тексеруден өткізу, олардың денсаулығын тұрақты бақылау мақсатында еліміздің барлық аймақтарында дәрігерлік пойыздар бірнеше жылдан бері қызмет жасап келеді. Осы мақсатта Сыр өңіріндегі бірнеше теміржол станция-бекеттерінде заманауи медициналық құралдарымен жарақталған «Денсаулық» пойызында Қызылорда және Қазалы станцияларындағы теміржол ауруханасының дәрігерлері 6688 жергілікті тұрғынның денсаулығын бақылаудан өткізіп, қажет жағдайда дәрігерлік күтім жасады, – дейді медициналық қызмет жасаған дәрігерлер басшысы Мұхтар Жұмабаев.

Аймақ бекеттерінде бір аптадан аса уақыт қызмет көрсеткен қызылордалық дәрігерлер құрамында білікті әрі тәжірибелі терапевт, кардиолог, педиатр, невропатолог, уролог, құлақ дәрігері, көз дәрігері, акушер-гинеколог және тіс дәрігері жұмыс жасады. Сонымен қатар рентген, УДЗ, ЭКГ, ФГДС және анализдерді сараптайтын клиникалық зертхана мамандары қызмет көрсеткен.

Дәрігерлік қызмет көрсету барысында 1416 пациент қабылдаған терапевт дәрігер Н.Бөрі казіргі кезде халық арасында АГ, ИБС, қант диабеті, ХСН және тізе, буын және жүйке ауруларының көбейгенін анықтаған. Балалар дәрігері С.Әбиғалиеваның қабылдауында болған 553 жасөспірімдерден жиі кездесетін жүйке аурулары, энурез, миопия, қан аздық, несеп жолдарының қабынуы және тері ауруларына шалдығу белгісі барын анықтап, олардың тұрақты ем қабылдауы үшін арнайы жолдама берілген.

– Хирург дәрігер Б.Достияров жұмыс барысында өттегі тас аурулары, фурункул, бурсит секілді ауруларға шалдыққан пациенттерге қызмет көрсетіп, ауруларына шипа жасаған. Дәрігерлер жеті мәрте кіші ота жасап, отадан кейінгі ем алу үшін пациенттерді жергілікті дәрігерлік пункттерден ем алуға жолдама берген. Сонымен қатар Қараөзек станциясында жергілікті тұрғындарды «Денсаулық» пойызында қабылдаған дәрігерлер тобы УЗИ зерттеуі арқылы 12 жастағы қыз баладан эхинакок кистасын күдіктеніп, әрі қарай тиісті ем алуы үшін жергілікті стационарлық орталыққа қаралу үшін жолдама берілді, – дейді медициналық пойыздың жұмысы жайлы кеңінен мәлімет берген Қызылорда теміржол ауруханасының статистикалық бөлімінің статисі Ақмарал Қалдыбай.

Сонымен қатар рентгенолог Қ.Саменов тұрғындарды флюорографиялық зерттеуден өткізу кезінде өкпедегі ауру қалдықтарының кері өзгерістерінің болуы, созылмалы бронхит, кардиопатия, өкпедегі отадан кейінгі күтімді қажет ететін жағдайда жүрген пациенттерді анықтап, ФГ суреттері мен зерттеу нәтижелерін пациенттердің тұрғылықты жеріндегі тиісті емханаларға жолдап, ең қысқа уақыт ішінде ем жүргізу қажеттігін ескертіп, жолдамалар берілген.

Жалпы, «есік алдына келіп» тегін дәрігерлік көмек ұсынатын жылжымалы емхананы асыға күтетін аймақ тұрғындарынан 364 адам кардиолог дәрігерге, 589 адам жүйке жүйесін бақылайтын невропатологқа, урологқа 666 адам, құлақ дәрігеріне – 640, көз дәрігеріне – 507, акушер-гинекологқа – 654, тіс дәрігерлеріне 228 тұрғын қаралып, ақыл-кеңесін алған. Мұнан бөлек заманауи ультрақұрылғылар қызметіне жүгінгендер қатары да мол болыпты. Мәселен, рентгенге 268 тұрғын түсірілсе, УЗИ құрылғысымен 1387 адам зерттеуден өтсе, ЭКГ аппаратымен – 353, ФГДС аппаратымен – 207, клиникалық зертхана құрылғыларымен 2521 адамға зерттеу жұмыстары жасалған.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда 


Жаңалықтар
03.07.2024
ҚТЖ-ның «Жасыл істер марафоны» акциясына 1,5 мың қызметкер қатысты
Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз
Жаңалықтар
03.07.2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 22%-ға артты
Жаңалықтар
02.07.2024
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар
02.07.2024
Марат Қарабаев елордада ҚХР Көлік министрімен кездесті
Жүк тасымалы
02.07.2024
Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді
Жаңалықтар
02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Спорт
02.07.2024
Маңғыстаулық теміржолшы ММА-дан Азия чемпионы атанды
Инфрақұрылым
02.07.2024
Семейде инфрақұрылым жаңаруда
Жаңалықтар
02.07.2024
Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі
Жолаушылар тасымалы
02.07.2024
Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді
Әлеумет
02.07.2024
Жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
02.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №55 02 шілде 2024 жыл
Темір жол тарихы
01.07.2024
Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді
Жаңалықтар
01.07.2024
Астана вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Аймақтар
01.07.2024
Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)
Станция тынысы
01.07.2024
Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр
Жаңалықтар
01.07.2024
Теміржолшы ғимаратты өрттен сақтап қалды
Спорт
01.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай турнир өтті
Спорт
01.07.2024
Шымкентте шахматтан турнир өтті