Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр

Станция тынысы
01.07.2024, 12:27
Оқуға 3 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі таңда Түркістан түркі әлемінің  рухани астанасы ретінде туристік орталыққа айналып келеді. Ал оның өсіп-өркендеп, дами түсуіне жергілікті теміржолшылар елеулі үлес қосып отыр десек қателеспейміз.    

Бүгінде  станция тәулігіне 15 жұп пойыз қабылдап, осыншама жылжымалы құрамды жөнетіп отырады. Бұл жүк және жолаушылар пойызын қоса есептегендегі көрсеткіш. Станция бастығы Қадыр Сырлыбеков бұрын бұл көрсеткіш 10-13 пойыз болғанын айтады.

– Түркістан облыс орталығы атанған соң, мұнда пойыздардың келіп-кетуі  жиіледі. Айталық, станциямыздың тәуліктік жолаушы ағыны бұрын – 100-120 адам болса, қазіргі көрсеткіш 350-400-ге дейін көтерілді. Осылайша, Түркістан облыс орталығы ғана емес, түгел түркінің астанасы ретінде туристік орталыққа айналып келеді, – дейді Қадыр Қаңлыбайұлы.

Жалпы, соңғы жылдары Түркістанға қатынайтын жолаушылар пойызының қатынау жиілігі де артқан. Соның ішінде, айрықша атап өтерлігі елдің солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын «Түркістан–Павлодар» пойызы жолға шыққан. Сондай-ақ, аталған станциядан бастау алатын облысаралық «Түркістан–Қызылорда» пойызы мен қаламаңы санаттағы «Түркістан–Сарыағаш» және «Түркістан–Шымкент» пойызынан бөлек, бұл жерде 11 жолаушылар пойызына қызмет көрсетіледі.

Учаскелік санаттағы бірінші класты станцияның 16 жолының 10-ы тікелей жөнелту мүмкіндігіне ие болса, қалған 6-ы сұрыптап-жөнету жолдары.    

– Бұдан бөлек, бізде кішігірім сұрыптау дөңесі бар. Ол жерде қазіргі кезде Қызылордаға дейінгі разъездерге жеткізілетін вагондарды сұрыптап, жинақтап жөнетіп отырамыз.  Тиімділігі сол, біз жылжымалы құрамдарды соңынан басына қарай, көбе сөккендей етіп, вагондарды ажыратып алуға өте ыңғайлы етіп құрастырып береміз, – дейді станция бастығы.    

Ал енді жүк тасымалының жай-күйіне тоқталсақ. Бұрын тәуліктік орташа көрсеткіш 15-20 вагон болса, соңғы кездері бұл сан 30-35 вагонға жетті. Әсіресе, Түркістан халықаралық әуежайы салынып жатқан тұста, түркістандық теміржолшылардың жұмысы қауырт болған.  Өңірде құрылыс жұмыстары әлі де қарқынды жүріп жатқандықтан,  теміржолшылар жұмысы әлі де  жеңіл емес.  Демек, Түркістанның түрленіп, гүлденіп, өсіп-өркендеуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр деуімізге толық негіз бар.    

Тағы бір атап өтетіні, түркістандық теміржолшылар еліміздің батыс аймағын су басқанда арнайы техникаларды тиеп, жөнелтуде әбжіл әрекет етіп, облыс басшылығының алғысына ие болды.

– Біздің жігіттері демалыссыз екі күн, екі түн аянбай еңбек етті.  27 вагонға 40 техниканы едел-жедел тиеп жібердік. Қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, оны артып, байлау мен құжатын рәсімдеп, құрастырып, жолға салу бір-екі адамның қолынан келмесі анық. Өзге де мүдделес мекемелермен мәміле жасай отырып әрекет еттік. Сол кездері станцитяның 9 жолдан тұратын  жаңа парк аумағында 400 дана платформа тұрды.  Төтенше жағдай жарияланған  сәтте арнайы техникаларды жедел тиеу үшін платформалар жан-жаққа таратылды.  Кейін техникалар кері бағытта қайтқанда да сол платформаларды қадағалап, қабылдау мен орнына қайта жайғастыру жұмыстарын біздің жігіттер тиянақты орындады, -  дейді станция бастығы Қадыр Қаңлыбайұлы.

 

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды