Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді

Жүк тасымалы
02.07.2024, 14:20
Оқуға 2 мин

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол қатынасы жылдан жылға нығайып, жемісті нәтижесін беріп келеді, деп хабарлайды Rail-news.kz 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.  

Былтыр қос ел арасындағы жүк тасымалы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 22 пайызға артып, 28 млн тоннадан асып түсті. Бұл – саладағы тарихи рекорд. Биылғы тасымал көрсеткішінде оң үрдіс сақталып келеді. Бес айдың ішінде Қытайға жөнелтілген жүктің көлемі 12,4 пайызға ұлғайып, 13 млн тоннаға жуықтады. Оның ішінде Қазақстан экспортының үлесі 5,7 млн тоннаға жетті.  

Ақтаудағы логистикалық хаб құрылысына инвестиция тартылды. Қазақстан темір жолы мен Ляньюньган порты осы жөнінде стратегиялық келісімге қол қойды. Осылайша Транскаспий халықаралық көлік бағытымен жеткізілетін контейнерлерді түсіріп, тіркеу бойынша кешенді қызмет көрсетуге лайықты инфрақұрылым қалыптасады.      

«Контейнерлік хаб Ақтау арқылы түрлі бағытқа жөнелтілетін жүктерді өңдеуге тиімді жүйе құруға сеп болады. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы Каспий аймағы елдері үшін контейнерлік сервисті қалыптастыруға жағдай жасайды», - дейді "KTZ EXPRESS" АҚ операциялық қамтамасыз ету жөніндегі бас директордың орынбасары Қуаныш Жақсыбек.

Қытаймен Қазақстан арасындағы Сиань құрлық портының маңызы бұдан артық болмаса, кем емес. Жүк таситын теміржол пойызының 40 пайызы осы терминал арқылы өтеді. Жыл басынан бері Сианьға 75 контейнерлік пойыз жөнелтілген.  

«Қазақ-қытай терминалы – «Бір белдеу – бір жол» логистикалық хабындағы ең маңызды терминал. Қазақстандық экспорттаушыларға берері мол құрлық порты. Енді олар жүктерін қысқа мерзім ішінде межелі жеріне тікелей жібере алады», - деді Қуаныш Жақсыбек.  

Оңтүстік Шығыс Азия, Қытай, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Ресей, Еуропа елдерімен байланыстыратын трансқұрлықтық логистикалық тізбектегі Сиань терминалының маңызы орасан зор. Дәл осы көлік дәлізі арқылы Қазақстанның халықаралық тасымал логистикасында ойып тұрып орын алатыны даусыз.  

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді