Бейнеу жол дистанциясы қауіпсіздік талаптарын қалтқысыз сақтайды

Әлеумет
28.11.2018, 08:19


Бейнеу жол дистанциясында өндірісте жарақатты болдырмауға және еңбек қауіпсіздігіне арналған іс-шаралар жасақталып, барлық жұмыстар соның аясында жүзеге асырылады.

Дистанция қызметкерлеріне жол бойында болған жарақат алу деректері кезектен тыс нұсқау жүргізу және техникалық сабақтар өткізу арқылы жеткізіледі. Сонымен қатар “Жолда адам” ақпарат жүйесі жұмыс істейді. Дистанция басшысы Берікбай Айтымановтың айтуынша, барлық айналымдар мен цехтарда еңбек қорғау бұрыштары жасалған.

"Бұған қоса қатаң есептегі құрал-саймандардың есебі жүргізіледі. Техникалық оқыту дистанция директорының бекіткен жоспары бойынша айына жол жөндеушілермен 2 рет, механизаторлармен 1 рет тәжірибе жүзінде көрсету арқылы жүргізіледі. Дистанция бойынша әртүрлі тақырыпта, мысалы аралық пункттерді күтіп-ұстау, бағыттама бұрмалар күтімі, ең үлгілі безендірілген табель, бұрылысты жолдар күтімі деген сияқты тақырыптарда тәжірибе алмасу мектебі өткізіліп тұрады. Бұл ретте жолдың жағдайын жақсы қалыпта ұстап тұрумен қатар жолдың ағымдағы күтімін жақсарта білген, баллдық жоспарды әрдайым орындап отыратын, пойыз жұмыстарында ақау жібермеген, еңбек тәртібі жақсы, жалпы басқа айналымдарға үлгі болатын айналым байқау бойынша анықталады", - дейді дистанция бастығы.

Соңғы жылдары дистанцияға қарасты жол бөлігінде бірде-бір төтенше жағдай болмапты. Мұның бәрі де мамандардың біліктілігі мен білімін ұдайы жетілдірудің арқасында болып отыр. Мекеме қызметкерлерінің қатарын жас маман кадрлармен толықтыру мәселесіне зор мән беріледі. Осы орайда дистанция басшысының бастамасымен 35 қызметкер темір жол саласында жоғары оқу орындарында өндірістен қол үзбей оқып, мамандықтары бойынша өндіріске араласқан. Кадрларды даярлау мен оқыту, біліктілігін арттыру жөнінен жасалған кестеге сай мамандар Астана, Ақтөбе қалаларындағы оқыту орталықтарына жіберіліп тұрады.

Жалпы дистанциядағы жол шаруашылығының жұмыстары, техникалық бөлім жұмыстары, оған сабақтасып жатқан кадрлармен жұмыс жасау, қаржыны үйлестіру, техникалық қауіпсіздік, техникалық сабақтар өткізу, диспетчерлік басқару сияқты маңызды жұмыстарды басқарып жүрген бас инженер А.Мұханов, техникалық бөлім бастығы Г.Сариева, кәсіподақ төрағасы М.Кожбанов, еңбек қорғау инженері Г.Далабаева болып табылады. Ұжым қатарын жас мамандармен толықтыра отырып, ізгі жұмыстарды игерген және еңбектерін еселеген ұжым - Бейнеу жол дистанциясы алдағы уақытта да мемлекет тапсырмалары мен талаптарын толықтай орындайтынына, жоғары биіктерде көріне беретініне сенім мол.

Ұлан ОРАЗ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады