Көңілді де тапқырлар алаңы

Әлеумет
07.12.2018, 12:46

  Республикалық жастар форумының ең көңілді бағдарламалық шарасы – Көңілділер мен тапқырлар сайысы еліміздің теміржолшы жастарының ұшқыр ой мен өткір әзілді ұтымды пайдаланудағы қабілеттерін танытты. Айта кетейік, ҚТЖ жастарының КВН командалары арасында аты республикаға танылып қалған талантты топтар бар.  

          Десек те, бұл сайысқа бұл жолы арнайы дайындықпен келген тек 4 команда қатысты. Көкшетау, Орал, Өскемен, Маңғыстау теміржол бөлімшелері бойынша командалар ойынына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Замир Серіков, «Теміржол көлігіндегі персоналды басқару және дамыту орталығы» филиалының директоры Нұргүл Нұрғалиева, Астана қалалық «Жайдарман» филиалының директоры, «Тұран Астана» Жайдарман тобының капитаны Жүсіпжан Жамаш, «ҚТЖ.KZ» командасының капитаны Ұласбек Бейімбет қазылық етті. Қатысушылар алдымен өздерін таныстырып, биатлон және үй тапсырмасы атауымен жарыс шарттары бойынша теміржол тақырыбын өз ойындарына арқау етті. Командалар арасында Маңғыстау жастары ә дегеннен ерекшеленіп көрініп, астарлы әзілдерімен көременге езу жиғызбады десек болғандай...

Өскемендіктер мен оралдықтар да кем түспей, өз жанкүйерлерінің ыстық ықыласына ие болып, ойындары ду қол шапалақпен қошеметтеліп жатты. Азия мен Еуропаны қосып тұрған жалғыз қаланың «зат есімде үш сұрақ, яки кім, не және не затты» білетін тұрғындары екенін жайдарман ойындарында әдемі әзілмен келтірген оралдықтар, сонымен қатар, батыс өңірінің жыл мезгілдерінің алтау болуымен, яғни, күз бен қыс, жаз бен көктемге қоса құралай мен бес қонақпен өзгелерден ерекшеленетін тұстарын да атап өтті. Әдетте, әлеуметтік, қоғамдық саяси мәселелерді өткір әзілмен, астарлап жеткізетін жайдарманшылар бұл жолы да халық арасында кеңінен белгілі әлеуметтік тақырыптарды қозғады.

      Бірнеше сағатқа созылған көңілділер мен тапқырлар сайысы көрермендерін кей жерде жарасымды әзіл-қалжыңымен езу тартқызса, ұтқырлықпен жеткізе білген ойын астарында ұтымды ой жатқанын да сездіргендей болды. Жарыс соңында ойыншыларға баға беруді бастаған ұлттық компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Замир Серіков жастардың беталысын жоғары бағалады.

– Жастар – бұл қуатты күш. Менің өзім де осы жастар саясатының арқасында жетістіктерге жетіп келе жатқан жандардың бірімін. Кезінде еңбек жолымды қарапайым ғана жүк қабылдап жөнелтуші болып бастадым, одан кейін талай қызмет баспалдақтарына көтеріліп, еңбегімнің жемісін жесем, ол осы жастар саясатының арқасында. Міне, форум өтіп жатқан 9 жылдың бәрінде мен қашан да осы жастармен бірге келе жатырмын. Артымыздан ерген бүгінгі жастарды, олардың қарқынын көріп қуанамын, – дей келе ол сөзін осы жарысқа қарай бұрды. – Әзілдерге, оның салмағына баға беру өте қиынға түсті. Өйткені, олар түрлі тақырыптарды қозғады. Әсіресе тежегіш табандықтарына қатысты әзіл есімде қалды. Мүмкін ол менің өткен өмір тарихыммен байланысты болғаннан шығар, бірақ маған ерекше әсер етті.

Өзге де қазылар алқасының мүшелері ойынды жақсы өткенін бағалай келе, өскемендіктердің рэпін, көкшетаулықтардың көрінісі, оралдықтардың қойылым басындағы кіріспесі ұнағанын ерекше атап айтты. Сонымен қатар, олар ойын барысында әр команда өзіндік ерекшеліктерімен есте қалғанын, Жайдарманның жоғары лигаларында өнер көрсетуге лайық теміржолшылар дауыс жағынан да, актерлік шеберлік бойынша да мықты екенін жеткізді. Маңғыстаулықтарға «Бүгінгі ойынның сәнін ашты» деп жоғары баға берілді.

  Көрерменнің көңілін көтерген жайдарманшылардың сәтті ойын қорытындысында Маңғыстау теміржолының командасы бірінші орынды иеленіп, арнайы Кубок пен дипломға ие болды. Ал «Үздік визитка» номинациясы бойынша өскемендіктер, «Үздік әзіл» номинациясымен оралдықтар, «Үздік ойыншы» номинациясымен Ғалымжан Жақсенов, ал «Үздік үй тапсырмасы» номинациясымен көкшетаулықтар марапатталды.


Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл