Маңғыстаулық теміржолшы жастар қайырымдылық шараларын ұйымдастырды

Әлеумет
14.01.2019, 13:42

Олар бір ортадан қаражат жинап, аймақтағы қарттар үйіне, ана мен бала үйіне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім, мүмкіндігі шектеулі, асыранды балаларға барып, жүректен шыққан жылу сыйлады.     

«Мейірбандылық – жүректен, қайырымдылық – білектен» демекші, үлкеннің алдын кесе-көлденең өтпейтін қазақ жастары іс-шараны алдымен қарттар үйінен бастады. Мекеменің кең залында қарттарға арнайы мол дастарқан жайылып, жылы-жұмсақтар мен ыстық тағамдар берілді. Еріктілер тобынан қосылған өнерпаз жастар көңілді концерттік бағдарламаларын ұсынды. Мереке сыйлаған жастарға риза болған қариялар олармен қосыла ән шырқап, би билеп, бір жасап қалғандарын жасырмады. Жас буынға алғыстарын айтып, баталарын берді. «Ешқашан, ешқандай себеппен ата-анаға қатты, дөрекі сөйлемеңдер. Ата-ананың қатал тәрбиесі өздеріңе жақсы, ертең өскенде өздерің ата-ана болғанда түсінесіңдер олардың алаң көңілін. Ата-анаңа қалай қызмет етсең, қайын ата мен енеге құрмет пен қызмет те сондай болуы керек. Жақын туыстарға барып тұрыңдар», – деп ғибратты әңгіме, ақыл кеңестерін айтты.

Іс-шараның екінші бөлігі тағдыры қиын балалардың мұң ұялаған жүздерін бір сәтке жадыратып, қуаныш сыйлауға арналды. Қайырымдылықты ұйымдастырушы жастар арнаулы орындарда тәрбиеленіп жатқан балақайлардың бәріне сыйлық жасап қуантты. Ал, «Аналар үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Б.Махметова жастардың әлеуметтік жетімдікті болдырмаудағы қызметіне қолдау білдіріп, жас ұрпаққа ғибрат болар үлгілі істеріне жеміс тіледі және ерікті топ жастарына Алғыс хат табыстады.

  «Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жер ─ соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады» деген дана халқымыз. Ендеше, сауапты істі көрген ел үлгі тұтып, амалға асырып жатса, еңбектің ақталғаны емес не?!

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау


Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл