Ақтөбелік ардагер теміржолшы министрлік медалімен марапатталды

Әлеумет
21.01.2019, 18:17

Ақтөбе аймақтық теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бошық Қуатов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.     

Салаға қырық жыл еңбегі сіңген құрметті теміржолшыға марапатын салтанатты түрде табыс еткен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Ақтөбе филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев зейнеткер болса да қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылып, талай игі істерге ұйытқы болып жүрген Бошық Қуатовқа алғыс айтып, омырауына «Еңбек ардагері» медалін тақты.

– Барлық әріптестеріңіздің атынан Сізді бұл үлкен марапатыңызбен құттықтаймын. Сіздің барлық саналы ғұмырыңыз теміржол көлігімен байланысты. Бүгінде ұйымшылдығыңыздың арқасында ардагер теміржолшылардың ұйымын басқарып, белсенді жұмысын арттырып отырсыз. Теміржолшылар арасында өтетін талай қоғамдық шараларға мұрындық болып, жөн сілтеп отырсыздар. Өсіп келе жатқан жас буынға ақсақалдық, аталық үлгі-өнегелеріңізді көрсетіп отырсыздар, – деді марапат иесіне құттықтауын жаудырған бөлімше басшысы.

Бошық Қуатов Ақтөбе аймақтық теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы болып соңғы екі жылдан бері еңбек етіп келеді. Биыл да төрағалық қызметке қайта тағайындалды. Белсенді қарттың басқаруындағы теміржолшы ардагерлер ұйымының жұмысы жоғары бағаланып отыр.


Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл