Жастар саясатын қолдау – болашақтың іргетасын қалау

Әлеумет
23.01.2019, 12:29

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Жолдауда жоғары оқу орындарынаy мамандық алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген. Былтырғы мәлімет бойынша еліміздегі 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 4 млн.-ды құрайды. Ал Қазақстан теміржолында сол жастардың 52 мыңы жұмыс істейді, бұл барлық қызметкерлер санының 39% құрайды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ- да жас кадрлардың инновациялық әлеуетін дамыту, кәсіби, тұлғалық өсімі үшін жағдайлар жасауға бағытталған Жастар саясаты бағдарламасы 10 жылдан бері сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде теміржол саласы үшін жас мамандарды даярлауға ерекше назар аударылып келеді. Теміржол жастарының бүгіні мен болашағы туралы өткен аптада компанияның жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша өткен брифингте айтылды.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденов журналистерге теміржолдағы жастар саясаты туралы осы және өзге жаңалықтарымен бөлісіп, Қазақстанның көліктік-логистикалық кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаны орындау жөніндегі Компания алдында тұрған міндеттерді шешуде жастардың қосқан үлесін атап көрсетті.

– 2009 жылдан бері Жастар саясаты бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бағдарлама бойынша жыл сайын республикалық жастар форумы, «Сен болмасаң, кім?» жастар корпоративтік лагерінің сессиялары, «Жас кәсіби маман» жастар сыйлығын беру бойынша және «Жоба-менеджмент» өңірлік инновациялық конкурстары өткізіледі. Сонымен қатар үлгерімі жоғары студенттерге компанияның Басқарма төрағасының Атаулы стипендияларын және «Магистраль» бағдарламасымен оқуға білім грантын беру бойынша әр жылда жұмыстар жүргізілуде, – деді С.Әбденов.

Салалық мамандықтар бойынша арнайы орта және жоғары оқу орындары шәкірттерінің өндірістік тәжірибеден өтуіне мүмкіндік беретін компанияда 2016 жылдан бастап 6 мыңнан астам шәкірт өндірістік тәжірибеден өткен екен. Сонымен бірге ҚазККА студенттері үшін төленетін өндірістік тәжірибе енгізіліп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша осы оқу орнының 53 студентіне 2,9 млн теңге стипендия төленген. Теміржол саласындағы жұмыстың тартымдылығын жақсарту және кадрлық әлеуетін нығайту, сақтау үшін компания қызметкерлерін әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, соның ішінде баспана мәселесін шешу бойынша міндеттемелерді өз мойнына алған. Былтыр өткен ІХ республикалық жастар форумы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың «ҚТЖ 100 жас тұлға» жобасын іске қосуымен ерекшеленді. Соның аясында «Worldskills Hi-tech» чемпионатына қатысуға, халықаралық тәжірибеден өтуге және де МВА бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік алатын компанияның жоғары әлеуетті 100 жас үздік маманы анықталатын болады.

Брифинг барысында компанияның Жастар саясаты шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға жеке-жеке тоқталған С.Әбденов журналистер қойған сұрақтарға жауап берді. БАҚ өкілдерін осы жобалардың жалғасын табатындығы туралы сұрақтар қызықтырды. Атап айтқанда, «Жоба-менеджмент» өңірлік инновациялық конкурстарына жыл сайын компанияның 1600 жас қызметкері қатысатыны айтылды. Конкурс «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновациялық даму процестеріне жұмылдыру, кәсіби мансабын құруға және дамытуға ұмтылған әлеуетті көшбасшыларды әрі қарай анықтауға және дамытуға бағытталған. Былтыр жастар форумы нәтижесінде тиімділігі жоғары 13 жоба таңдап алынған болатын. Сол инновациялық жобалар шеңберінде компания «Назарбаев университеті» АБҰ-мен тығыз ыңтымақтастықта жұмыс жүргізіп келеді. Ал «Жас маман» байқауы өз саласының үздік жас қызметкерлерін анықтайды. 24 аталым бойынша өткізілетін конкурс қорытындысы бойынша үздіктер – жолшылар, байланысшылар, жолсеріктер, вагоншылар, қозғалысшылар, экономистер және тағысын тағылар таңдап алынады. «Сен болмасаң, кім?» корпоративтік лагерінің сессиялары инновацияға, экономикаға, саясатқа қызығатын, компанияның белсенді де жас қызметкерлерін интеграциялайтын кең ауқымды алаң. 2010 жылдан бері Жастар форумына 2000 адам қатысып, соның қорытындысы бойынша 70 жас қызметкердің лауазымы ауысса, екеуі шетелдік университеттерде оқу гранттарына және магистр деңгейіне ие болды. Республикалық форум бағдарламасы «Үнемділік өндірісі», «Жас кәсіпкерлер мектебі», «Көшбасшылық», «Цифрландыру және инновациялар» сияқты салалардағы ең үздік сарапшыларды шақыра отырып маңызды тақырыптарға семинарлар мен тренингтер, компания басшылығымен кездесулер өткізуді, сондай-ақ пікірталас алаңдары мен әр түрлі форматтағы ірі іс-шараларды қамтиды. Одан өзге «Жастар көзқарасы», «Есімізде, мақтанамыз, мұрагерміз», «Жас теміржолшылар отбасы», КТК Лигасы сияқты конкурстар өткізіледі. Қазақстан темір жолында тікелей пікірталасқа шығып, кері байланыс алуды жүзеге асыруға да мүмкіндік бар, еліміздің әр өңірінде тұратын компанияның жас қызметкерлері арасында тиімді коммуникацияны қамтамасыз ететін «Zhastemir.kz» әлеуметтік желісі белсенді жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда аталған әлеуметтік желіні 9000 жас пайдаланады.

Райхан РАХМЕТОВА

Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады