Шалқар теміржолшылары жастар форумын өткізуге дайындықты бастап кетті

Әлеумет
31.01.2019, 14:34

Шалқар аудандық теміржолшы жастар арасында форум өтпек. Шараға тоғыз бірдей темір жол мекемесінен жас мамандар қатысады. 

«ҚТЖ» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімі Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясының инженер-технологы Сәндібек Төлебаев аудандағы теміржолшы жастар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Құрылғанына санаулы күн болған жаңа кеңестің жоспарлары ауқымды. «Теміржолшы жастар форумын өткізуге қатысты ұсыныс аудандық әкімдіктен жасалды. Біздің дистанция бойынша 29 жасқа дейінгі 42 маман бар. Форумға аудандағы барлық теміржол мекемелерінің жастары атсалысатын болды. Яғни теміржолшы жастар осы жастар жылында ауқымды жұмыстарды қолға алатын болады. Форумда соны бекітеміз», – дейді жастар кеңесінің төрағасы.

Форумның қаржыландыру жұмыстарын аудан әкімдігі мойнына алып отыр.

«Аудандағы тоғыз бірдей теміржол мекемесінде жастар кеңестері құрылды. Негізгі мақсат – теміржолшы жастардың белсенділігін арттыру. Жылдың соңында үздік теміржолшы жас маман марапатталатын болады. Бұл шараларға аудандық бюджеттен ақша қаралды», – дейді Шалқар аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жанна Әбденова.

Жастар кеңесіне мүше болған теміржолшы жастардың қолына куәлік берілетін болады. Бұл құжатпен жас мамандар жергілікті әкімдікке еркін кіре алады.

Ардақ САТТАРҚЫЗЫ, Ақтөбе 


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады