Атаулы жылға дайындық жоғары

Әлеумет
01.02.2019, 15:12

           Елбасының бастамасымен биыл Жастар жылы жарияланғалы бері теміржолшы жастар да бұл идеяға қолдау білдіріп, жер-жерде түрлі шаралар өткізуге дайындықтар жасауда. Солардың қатарында Достық станциясының жастары да бар.  

 Станция кезекшісі әрі «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Достық станциясы бойынша аймақтық төрағасы Диас Байқонысовтың айтуынша, олар Жастар жылына арнайы жоспар құрыпты. Енді сол бойынша жыл бойына жұмыстар жүргізбек.

– Жоспарға сай алдымен барлық қызметкерлерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2016-2021 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасының міндеттерімен таныстырамыз. Екінші 35 жасқа дейінгі жас қызметкерлер тізімін жасап, оларды базаға енгізу көзделген еді, соның нәтижесінде станцияның өзінде 300-ге жуық, ал басқа ұйымдарды қосқанда 370 жас қызметкер бар екені анықталды. Одан соң ерікті түрде Кеңес қызметінің нақты бір бағыттары бойынша жауапты адамдарды тағайындауды жоспарлап отырмыз. Бұл ұлттық компанияның әлеуметтік мәселелер және персоналды басқару бойынша вице-президенті бекіткен аймақтық өкілдер туралы Ережесінің 4-тарауы, 8-тармағы, 3-тармақшасына сәйкес жүргізіледі, – дейді аймақтық өкіл Диас.

  Сонымен қатар бұл жоспарда станция қызметкерлеріне компанияның корпоративтік сайты zhastemir.kz туралы ақпарат беру туралы да жазылған. Сондай-ақ жыл сайынғы «Сен болмасаң, кім?» жазғы лагеріне баратын команданы құраушы мықты жас қызметкерлерді іріктеу, оларды шара аясындағы түрлі байқаулармен хабардар ету, қатысушы аймақтардың визиткасын дайындау мәселесі де қарастырылған. «Жас кәсіби маман», «Менеджмент жобасы», «Болашақ басқарушылар» жыл сайынғы жобаларға қатыстыру үшін сапалы материалдар мен құжаттар іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жайы айтылған. Мұның мақсаты – компанияның жан-жақты дамуына тікелей атсалысатын жастардың анағұрлым белсенді тобын ынталандыру. Бұл жобаларға жастар арасынан 40 және одан көп адамды қамту көзделген.

Тағы бір дәстүрлі ерекше шара «Біз станция тазалығын қолдаймыз» акциясы болғалы тұр. Мақсат – станция аумағында жаппай сенбіліктер ұйымдастыру арқылы жастардың еңбек белсенділігін арттыру және жұмыс орындарын таза ұстауға шақыру. «ҚТЖ» көңілді тапқырлар ойынына қатыстыру үшін Достық станциясында осы ойындарды өткізу арқылы мықты команда дайындау жоспарланған. Шілде айында дөңгелек үстел өткізіп, алғашқы жарты жылда жасалған жұмыстарды қорытындылау, кемшін тұстарды анықтап, оларды жою, белсенді жас қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттау да назардан тыс қалмайды. Одан кейін тамыз айында «Мектепке жол» акциясын өткізіп, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету қарастырылып отыр. Жылдағыдай қараша айында жастар форумына дайындық жүргізіп, желтоқсан айында жыл бойына жасалған жұмыстарды дөңгелек үстел басында қорытындылау жоспарлануда.

Ұлан ОРАЗ


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады