Қарты бар ел – қазыналы

Әлеумет
01.03.2019, 13:57

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Дабысов Есен-Аман 1 наурызда сексеннің сеңгіріне шығып отыр.    

Әлі де тың, күнде таңертең жұмыс орнынан табылатын ширақ қария көктемнің алғашқы күнінде жарық дүние есігін ашқандықтан ба, көңілі де көктемдей ашық жан. Ол 60 жылдан бері темір жолмен біте қайнасып, бірге жасасып келеді. 

Еңбек жолын сонау алпысыншы жылдары бүгінгі Атырау, сол кездегі Гурьев вагон депосында жөндеуші болып бастапты. Өзі жұмысқа алғыр, ойға зерек, оның үстіне әскерде болып шыңдалып келген жас жігіттің болашағынан үміт күткен депо басшылығы оған Ташкент теміржол институтына оқуға баруға ұсыныс жасайды. Институтта вагон шаруашылығы бойынша бес жыл оқып, «туған депосына» қайтып келеді.

Ол кезде бөлімше Мәскеуге қарады, ылғи жан-жақтан келгендер, жергілікті мамандар тапшы. Есақаң жас маман ретінде әуелі вагон депосының шебері болып бастап, сосын техникалық жөндеу пунктінің бастығы болады. Күні-түні ондап, жүздеп келіп-кетіп жатқан вагондарды жөндеу, олардың ақаусыз жүріп кетуін қамтамасыз етуге бар күш-жігерін жұмсап еңбек етеді. Жылдар өте депо бастығының орынбасары, депо бастығы лауазымына да жетеді. Содан кейін бөлімшенің қауіпсіздік бойынша бас ревизоры қызметін де атқарады.

70-ші жылдары өңірде Гурьев темір жол техникумы ашылып, көптеген мамандар сол техникумнан әр түрлі мамандыққа оқып, білім алды, кәсіби маман атанып шықты. Машинист, байланысшы, пойыз құрастырушы, вагон жөндеуші, жол жөндеуші деген секілді барлық салада әр жыл сайын мамандар легі пайда болды және олардың дені жергілікті ұлт өкілдерінен құралды. Осы мамандарды тәрбиелеуде Есақаңның еңбегі ерен. Бертін келе ардагердің білім мен біліктілігі бөлімше кәсіподақ ұйымын басқаруға да жұмсалды. 2009 жылы зейнеткерлікке шыққан соң аймақтың ардагерлер кеңесін басқару ұсынылды.

Міне, содан бері қарттардың басын қосып, түрлі шаралар ұйымдастырып, үйлеріне барады, әлеуметтік көмек көрсетеді, әйтеуір, бір тынбайды, қашан да жұмысбасты адам. Сондай-ақ Есақаң қазақтың арғы-бергі тарихын да жақсы біледі, әсіресе, өлке темір жол тарихын саралағанда одан асқан ешкім жоқ, әр оқиғаны жаңылмай айтып отырады. Кезіндегі құйма құлақ жас бүгінде көнекөз шежіре қартқа айналғанын көреміз. Ұл-қыз, немере-шөбере өсіріп отырған үлкен шаңырақтың атасы. Күллі Атырау өңірінің теміржолшылары ардагерді 80 жасымен құттықтап, оған зор денсаулық, салиқалы қарттық тілеуде.

Қосұйым Мұқашев, Атырау 

Суретті түсірген автор


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады