Сегіз қырлы, бір сырлы

Әлеумет
04.03.2019, 18:50

Шекаралық Достық станциясының пойыз қабылдап-тапсырушысы Қанапия Сұлтанғазинді әріптестері бекерден-бекер «сегіз қырлы, бір сырлы азамат» деп дәріптемесе керек. Расында, оның теміржолшы мамандығынан бөлек бір басына бірнеше өнер қонған жан екенін білдік.  

 Суретші-безендіруші мамандығы бойынша арнайы білімі бар ол еңбек жолын 2003 жылы Достық станциясында дәл осы кәсіптен бастапты. Уақыт өте келе теміржолшы кәсібіне бауыр басып, тасымалды ұйымдастыру бойынша жоғары білім алып, бүгінде, міне, талай жылдан бері пойыз қабылдаушы болып еңбек етіп келеді. Бірақ, қызметтестері мен ауылдастары арасында «суретші бала» деген аты қалып қойған, сондықтан Достықтағы барлық мекеменің, ғимараттардың маңдайшасынан бастап, ішкі атаулық жазбаларын жазу, әрлеу, әр кабинеттегі қабырға стенділерін жасау, жұмыс орнын талапқа сай бұрыштармен безендіру сынды жұмыстармен қосымша айналысып, халықаралық маңызды нысанның кескін-келбетін ажарландыруға атсалысып келе жатқалы 15-16 жыл өтіпті.

Әріптестерінің бірі, станция кезекшісі, әрі «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Достық бойынша аймақтық төрағасы Диас Байқонысовтың айтуынша, Қанапия – сонымен қатар әншілік, күйшілік, іс-шараларды басқарып жүргізетін конференсьелік өнерімен де станцияның атын шығарып жүрген талантты теміржолшының бірі.

– Оның өнерін бәрі біледі, мойындайды, бағалайды. Онсыз Достықта бірде-бір шара өтпейді. Сондықтан әріптесімізбен мақтанамыз, – дейді Диас.

Бескөл станциясында дүниеге келіп, бүгінде Достықтың сыйлы азаматына айналған Қанапия теміржолдан бөлек, аудандық және облыстық шараларда да еңбегі еленіп, жоғары марапаттарға ие болып жүр. Еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін ҚР инвестициялар және инфрақұрылымдық даму министрі атынан, Теміржолшылар мерекесі мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Алғыс хатқа, кәсіби шеберлігі үшін кәсіподақ атынан, Тасымал үдерісіне қосқан жеке үлесі үшін ҚТЖ басшылығынан, Ең үздік безендіруші ретінде станция басшылығынан Алғыс пен Құрмет грамотасын алса, Бүкіләлемдік еңбек қорғау күнінде Мадақтама, Кәсіподақтың 25 жылдығында төсбелгіге ие болған.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады