Жетім көрсең, жебей жүр...

Әлеумет
06.03.2019, 15:19

ҚТЖ жастарының арасынан құрылған еріктілер тобы жақында Қарағандыдағы Осакаровка ауданы, Пионерское селосында орналасқан «Жетім балаларға арналған пионерлік балалар үйіне» барып, қайырымдылық шарасын жасады.  

 Бүгінгі таңда 90 бала тәрбиеленетін аталған балалар үйінде жас теміржолшы еріктілер балаларға тәтті тоқаштар, жеміс-жидектер мен шырындар қойылған дастархан дайындап, түрлі интерактивті ойыншықтар мен жейделер сыйлады.

– Туған ата-анасынан пана көрмеген балақайлармен кездескенде біздің жас теміржолшылардың байқағаны – бұл балалардың соншалықты жан-жақтылығы, бауырмалдығы болды. Олар футбол, волейбол, баскетбол ойындарын жақсы ойнайды. Конькимен сырғанайды, ән де айтады, би де билейді, тоқиды. Өздері сондай ақылды балалар. Бұл ерекше күнде олар үлкендер тарапынан көрсетілген назарға риза болып, көңілдері шаттыққа толды. Осы бір игілікті істі атқаруға шын жүрегімен атсалысқан барша азаматтарға, қайырымды жандарға алғыс білдіреміз, – дейді ұйымдастырушылардың бірі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің Астана аймақтық өкілі Гүлім Бейсбекова.

Гүлімнің айтуынша, қайырымдылық шарасына қатысуға ниетті азаматтар көп болған. Олар ақшалай да, заттай да көмек көрсетіп, бір қайырымды жан «Monkey finger link» интерактивті ойыншықтарын жеткізген. Еріктілер тобының мәлімдеуінше, Астанадағы балалар үйлері қаржылық қамтамасыз етілу және моральдық қолдау жағынан кемшін емес, сондықтан олар елордадан шалғай жатқан аталған балалар үйіне баруға шешім қабылдаған. Балаларды қуантқан теміржолшы еріктілер тобына балалар үйінің директоры Анатолий Цебер де алғысын білдіріп, жас мамандар жұмысына табыс тіледі.  

Ұлан ОРАЗ 


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады