Біз екеуміз...

Әлеумет
07.03.2019, 11:38

Елорданың көргенде көз сүрінген сәулетті ғимаратының бірі – «Нұрлы жол» вокзал кешенінде жұмыс істейтіндер тек жастар. Жас жүрген жер, әрине, сезім мен романтикаға толы. Сондықтан да бұл жер ғашықтардың табысып, отау құрып, отбасылық өмірге қанат қаққан құтты мекеніне айналып отыр. Бүгінгі біздің кейіпкерлеріміз – осы вокзал кешенінде танысып, шаңырақ құрған үш жұп.  

Бірінші жұп Асылтаң Аршабай мен Сара Нұртаеваның (сол жақта) отбасылық өмірге қадам басқандарына небәрі алты ай болыпты. Бір қызығы, олар Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы ҚазККА-да қатарлас топта оқыпты. Екеуі бір-бірін таниды екен, бірақ жақын араласпаған. Олардың арасында махаббат алауы «Нұрлы жол» вокзалына жұмысқа тұрғаннан кейін тұтанған.

Асылтаң: Академияда оқып жүргенімде менің есіл-дертім оқу болды. Әкем теміржолшы болмағанымен, темір жол көлігі полициясында қызмет етті. Және менің жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітіргенімді қалады.

Сара: Мен академияны бітіргесін жолдамамен осы Астана – Нұрлы жол вокзалына келіп, жұмысқа орналастым. Бұл жерде Асылтаңды көргенде, жақын аддамымды көргендей қуанып, ішім жылып қалды. Студент кезімізде араласпасақ та, таныспыз ғой, амандық саулық сұрасып мәз болдық. Кейін осы жерде жақын арада бастадық, дос болдық, кейін махаббатқа ұласты...

Асылтаң: Мені Сара жақұттай мөлдір көк көздерімен баурап алды. Және де осы әдемі көздері үнемі күлімдеп, жайдары жүретін ашық мінезімен тәнті етті.

Сара: Асылтаңнан қазір көп адамның бойында кездесе бермейтін адалдық, әділеттілік қасиеттерін танып, ерекше ұнаттым.

***

Ал вокзал кешенінің аға кезекшісі Батырхан Әбдікәрім (ортада) Қызылорда облысының Шиелі ауданының тумасы екен. Жұбайы Айнұр Кәрібаева – Арқаның кербез сұлу Көкшетауының қызы.

Батырхан: Мен мектеп бітірген соң ойланбастан М.Тынышбаев атындағы көлік академиясын таңдадым. Онда «Көлік және көлік техникасы» мамандығы бойынша бакалаврға, кейін «Қозғалысты ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша магистратураға түстім. Жұмысым өзіме қатты ұнайды. Себебі, осы жұмысымның арқасында жан жарым Айнұрмен табыстым (күлді).

Айнұр: Менің әкем теміржолшы, бірақ мен алғашында ағылшын тілінің мұғалімі мамандығына оқыдым. Бірақ, көрмейсіз бе, бәрібір айналып келіп теміржолға табан тіредім. Алғашында вокзалға диктор болып орналастым. Кейін жаңа вокзалға кезекші болып кірдім. Осында болашақ жарымды жолықтырдым. Өткен жылдың қыркүйек айында некемізді қидырдық. Қазір бөпемізді күтіп жүрміз. Аллаға шүкір, бақыттымын...

***

Шымқаланың тумасы Райымбек Шагиев те аягөздік ару Айданамен осы вокзалда танысыпты да табысыпты. Ерлі-зайыпты Шагиевтерге (сол жақта) сөз кезегін берсек...

Райымбек: Мен Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тасымалды ұйымдастыру факультетінде оқыдым. Оқу бітіргесін өзге де замандастарым сияқты әртүрлі жұмыстың басын шалдым. Сосын осы жаңа вокзал ашылды. «Астана» концерт залында вокзалға жұмысқа қабылдап жатқанын естіп, түйіндемемнің бірнеше көшірмесін шығарып, алып ұшып келдім. Төрт жерде әңгімелесу жүріп жатыр екен. Төртеуіне де қатысып, түйіндемемді тастап кеттім. Содан өздері хабарласты. Тағы да әңгімелесулерден өттік. Сөйтіп, вокзал кезекшісі болып жұмысқа тұрдым.

Айдана: Мен шығыс өңірінде, Тарбағатай баурайында туып өскенмен, кейін ата-анам Талдықорғанға көшіп келді. Алматыда ҚазККА-да тасымалдауды ұйымдастыру мамандығы бойынша оқып бітірдім. Энергетика университетінде маман болып жұмыс істеп жүргенмін, интернет арқылы Нұрлы жол вокзалының ашылып жатқанын, теміржол саласы мамандарының талап етілетінін біліп, түйіндемемді жібердім. Бірнеше әңгімелесулерден өткеннен кейін 10 күн бізді оқытты. Осылайша вокзал кезекшісі болып қызметке тұрдым.

Райымбек: Менің Айданамен танысуым қызық басталды. Дәл осы жерде (өздері тұрған жерлерін көрсетіп, авт.) Айдана тұрды, қатты шөлдеп тұрған кезім еді, оның қолындағы суы бар бөтелкесін көріп, су сұрадым. Ол берді. Қайырымды қыз екен деп ойлап қойдым. Оның үстіне иманжүзді, ақылды, көркем мінезді. Ең бастысы, анама қатты ұқсайды, сол кісі сияқты мейірімді, қамқор. Оның үстіне, бұл қыз менің жарым болса, сусыз қалмайтыным анық еді ( әзілдеп, авт)...

Айдана: Мен тазалыққа қатты қарайтын адаммын. Райымбектің үнемі тап-таза, жинақы, ұқыпты жүретіні ұнады. Оның үстіне ол бос сөйлемейтін, салмақты жігіт. Ағылшын, орыс тілін жетік білумен қатар туған тілін де құрметтейді. Білікті маман. әрбір қыз бала болашақ жарының өзіне арқа сүйейтін азамат болғанын қалайды ғой. Мен де Райымбекті сондай азаматтың қатарынан көріп, болашақ жарым ретінде елестеттім. Оны бір көргеннен ұнатсам да, ұяңдыққа салып, білдіртпедім. Бірге болу бұйырса, міндетті түрде орындалады деп ойладым. Сөйтсем, ол да мені ұнатып жүріпті. Міне, қазір Аллаға шүкір біргеміз, бұйыртса, биыл сәбилі боламыз.

P.S.: Иә, жүздерінен мейірім есіп, бір-біріне іңкәр сезіммен қараған бақытты жандарды көргенде, үйде де, түзде де жұптары жарасқан оларға қызыға қарап, бақыт тіледік.

Сұлугүл БАКЕСОВА


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады