Біздің Шара

Әлеумет
07.03.2019, 11:45

Шара Жиенқұлова сияқты биші болсын деп әкесі қызына осы атты таңдап қойған екен. Алайда, Шараның пешенесіне мың бұралып сахнаның сәнін келтіру емес, ер-азаматтармен қатар қолына сом балғасын ұстап, теміржолшы болу бұйырыпты. Бірақ, оған кейіпкеріміз еш өкінген емес, теміржолды несібем деп біледі.   

«Менен қайдағы бұралған биші шықсын, нағыз теміржолшы болу үшін жаралағанмын ғой» деп күледі, шынында да анау-мынау жігітке бергісіз күшті де қарулы келіншек...

Шараның темір жолда тер төгіп, күрделі саланың жауапты қызметін абыроймен атқарып келе жатқанына биыл жиырма бес жыл. Жиырма жасында Алматы іргесіндегі Жоламан ауылына келін болып түскен Шара отбасылық өмірге бой үйретіп, тастай батып, судай сіңіп, ширағаннан кейін оны енесі теміржолға вагон қараушы етіп жұмысқа орналастырады. Жиырма екі жыл вагон қараушы болып жұмыс істеген Шара Сатылова соңғы үш жылда Алматы вагон пайдалану депосына қарасты Жоламан станциясында Сарыөзек–Алматы аралығындағы бақылау қосынында аға вагон-қараушы жөндеуші болып жұмыс істейді. Атап өтерлігі, ол – Жоламан–Қаратас учаскесіндегі жүз шақты ер адамның арасындағы жалғыз әйел. Бүгінде ол вагон қарап, күніне бәленбай шақырым жүрмейді. «ҚТЖ» ұлттық компаниясында әйелдерді ауыр және қауіпті жұмыс аймағынан шығару туралы бағдарламаға сәйкес қазір ол КП-да КТСМ құрылғысы арқылы пойыздарды бақылап отырады.

«Менің қазіргі міндетім – таңертеңгілік қарамағымдағы вагон қараушыларға еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізу, жұмысшыларға сағаттарын қойып, табель жабу, басшылыққа КТСМ құрылғысы бойынша қанша пойыз өтіп тексерілді, соған қатысты есеп беру. Егер вагоннан қандай да бір ақау табылып жатса және де бұл құрам жақын жердегі ПТО-ға дейін бара алатын күйде болса, оған вагон қараушының ілесіп барып, жеткізілуін қамтамасыз ету, ал мүлдем жүруге жарамайтын құрам болса, онда нұсқамаға сай басшылыққа хабар беріп, олардың рұқсатынан кейін ғана барып, ағытып алуға нұсқау беру», – деп қызметінің қыр-сырымен бөліседі кейіпкеріміз.

Шара туралы вагон пайдалану депосының басшылығы да жақсы пікірде. Алматы вагон пайдалану депосы директорының солтүстік телім бойынша орынбасары Жанат Әбдукәрімов Шара Сатылованың өз ісіне тиянақты, қашан да жинақы, жауапты, тәртіпке жүгінген нағыз еңбек адамы екенін айтады. Ал кейіпкеріміз теміржолмен табыстырған тағдырына дән риза. Бүгінде екі ұл тәрбиелеп отырған Шара үлкен ұлының әке жолын қуып, электр маманы болып жұмыс істеп жатқанын, ал биыл мектепті тәмамдағалы отырған кіші ұлының анасы секілді теміржолшы болуға ниеттеніп, Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникация академиясына оқуға түсуге дайындалып жатқанын айтады.

Біз де шағын бекетте пойыздардың жүріп тұру барысында қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға үлесін қосып, кәсібіне адал, қызметіне жауапты Шараға төл мерекесінде толағай табыс, мықты денсаулық, жемісті еңбек пен отбасы бірлігін тілейміз.

Сұлугүл БАКЕСОВА


Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл