Тәлімгер

Әлеумет
07.03.2019, 12:16

Бөлімшенің солтүстік шекарасы Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімінде негізінен тек аймақ жастары жұмыс жасауда. Арагідік жастарды жұмысқа машықтандыру мақсатында тәжірибелі теміржолшылар вахталық ауысыммен еңбек етеді. Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының тәжірибелі әрі білікті маманы Гүлшахра Шамшаева осындай жан.    

Желілік сенімділік тобының инженері Гүлшахра Шамшаеваның Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясында жемісті еңбек етіп келе жатқанына талай жыл. 1988 жылдан бері КИП және СОБ элекромонтері, СОБ электромеханигі, Сексеуіл-Қоскөл участогының инженері ретінде жұмыс жасап келеді.  

Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімі ашылғанда кіл жастардың осы телімге жұмысқа аттануы аймақ теміржолшыларының мақатнышымен қатар алаңдаушылығын туғызғаны да жасырын емес. Өйткені, оларға бас көз болатын тәжірибелі маман, тәлімгерлер керегі талас тудырмайтын. Сол жылдардан бастап тәжірибелі, сенімді теміржолшыларды жаңадан ашылған жас станцияларға сенімділік тобымен жіберіп отыру қолға алынған. Гүлшахраның жұмысы осылай Сексеуіл-Қоскөл телімінде жалғасып жатты. Жастармен жұмыс жасау қызық та қиын еді, бірақ Гүлшахра келе-келе жаңа телімнің жұмысына үйреніп, жастармен ортақ тіл табысып, оларды жұмысқа баулып, білмегенін үйретуге күш салды.     

– Алғашқы күндері көңіліміздің құлазығаны рас. Жаңа телім болғасын мұнда ерсілі-қарсылы ағылып жатқан пойыз сирек, оның үстіне бекет-станцияларда санаулы адамдар, теміржол нысандары да саусақпен санарлық, айналаң көз жетер жерге дейін теп-тегіс маң дала немесе үп еткен жел болса құмды суырып, аспанға көтеріп көзді ашқызбайтын аңызақ жел. Дегенмен бұндай көрініске де көзіміз үйреніп қалды. Ал қазір, құдайға шүкір, барлық бекеттерде болмаса да кішігірім теміржол нысандары, баспана, пост, электр тораптары секілді нысандар телім бойынан көрініп, тіршілік жанданып келеді, – дейді жаңа телімге алғаш келгендегі күндерді еске алған Гүлшахра.

– Біздің дистанцияда ерлермен қатар жұмыс жасап жүрген әйелдер ішінде Гүлшахраның орны ерекше. Ол қашанда өзіне тапсырылған жұмыстарды шашау шығармай орындайтын, ісіне бекем жан. Жұмысын бүге-шүгесіне дейін білетін, қандай да бір қысылтаяң шақта мәеселенің оңтайлы шешілуіне ықпал етіп, қиындықтан шығар жол таба білетін инженер, оның жаңа телімдегі жастарға үлгі болып әрі өз тәжірибесімен бөлісіп оларға қамқорлық көрсетуі де дистанцияның жұмысын ілгерілетуге қосқан үлесі деп білемін. Болмаса ауысымдық тәсілмен отбасынан жыраққа барып, былайынша айтқанда, жапан түзде жұмыс жасау нәзік жандылар үшін оңай емес. Бұл оның жауапкершілігі, – дейді Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының басшысы Ғани Ысқақов.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

Суретті түсірген автор


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады