Бұрымдылар бастамасы

Әлеумет
07.03.2019, 12:20

Осыдан төрт жыл бұрын Семей бөлімшесі бойынша жастардың қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Өңірде ұлттық компанияның әлеуметтік сала бойынша басымды бағытын жүргізуді Ләззат Айтмұханова, Динара Берікханқызы, Айгерім Тоқпанова сынды жас теміржолшы қыздар бастамасымен қолға алынған бұл шара күні бүгінге дейін үзіліссіз жүргізілуде әрі нәтиже беріп келеді.  

Құрбы-құрдастар арасында «Сұлулардың үштігі» атанған белсенді бұрымдыларды бүгінде күллі желі бойындағы теміржолшылар жақсы біледі. Оған негіз де жоқ емес. Айта кетерлігі, команда құрамында көлік жүргізуші жігіттерді қоспағанда барлығы да қыздар. Оның себебі де бар. Әр тоқсан сайын бөлімше фойесінде тәтті-дәмді тағам түрлерін пісіріп әкеліп, жәрмеңке өткізу – бірінші кезектегі міндет. Ол әлбетте қыздардың ғана қолынан шығады. Одан соң, арнайы комиссияның ұйғарымымен түскен қаражатты мүмкіндігі шектеулі балалары бар көпбалалы отбасыларға тарту ету. Жалпы, бастамашыл жастар оннан аса жәрмеңке өткізіп, жалпы сомасы шамамен 400 мың теңгеге тарта қаражатты әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған теміржолшылар жанұяларына табыс етіпті. 

– Қайрымдылық сынды ізгі қасиеттің қазақ қыздарының бойынан көрініс табуы – қалыпты жағдай. Басқаша болуы мүмкін емес. Жәрмеңке ұйымдастырар кезде жұмыстан кейін барлығымыз бір үйге жиналып, саудаға шығаруға дастархан мәзірлерін пісіреміз. Түні бойы әзірлеп, ертеңгісін оны жәрмеңкеге шығарып, әріптестерімізге саудалаймыз. Қайырымдылық шарасына бөлімшенің қыздары ғана емес, жігіттердің де немқұрайлы қарамайтыны жүректі жылытады. 5-10 мың теңге ұсынып, тек екі тал самса немесе бір түстік қана алып, қалғанын қорға тастап кететін талай әріптестерімізді, қарапайым инженерлерді кездестірдік. Яғни, ізгі мақсат жолында әсіресе жастар аянып қалмайтынына көзім жетті, – дейді Ләззат.

Бұрымдылардың бастамаларына бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев та қолдау білдіріп, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған жанұяларға көмек көрсету жолдарын құптаған болатын. Соның аясында қаладағы теміржол колледжінде қайырымдылық концертін көрсетіп, қажетті соманы толықтырып отыратын да кез болған.

Ләззат, Динара, Айгерім бастаған жастар қатарынан көріну кейінгі кезде жастар арасында абыройы өз алдына, үлкен сәнге айналғандай. Жуырда өткен мерекелік шарада бірдей киім киген бұрымдылар командасы орындаған флешмоб көпшіліктің көңілінен шыққаны сондай, сүйсініп ұзақ қол соқты.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей 


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады