Әйел – ана, әйел – азамат, әйел – қайраткер...

Әлеумет
07.03.2019, 13:31

«Қазақстан темір жолы» Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Маңғыстау ЖТ филиалының Маңғыстау вагон пайдалану депосына қарасты Жетібай станциясындағы Бақылау қосынының вагон қараушы-жөндеушісі Әлима Белосарованы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Құрмет грамотасына ұсынып отыр.    

Әлиманың темір жол көлігінде жұмыс істеп жатқанына отыз сегіз жылдан асыпты. Кәсіби-техникалық училищені станция кезекшісі мамандығы бойынша бітірген соң темір жол саласындағы еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолы 7-ші азаматтық құрылыстар дистанциясында су сорғы станциясының бірінші дәрежелі машинисі болып бастайды. Сол жерде табан аудармай сегіз жыл тер төккен соң вагон депосына вагон жөндеу бойынша слесарь болып ауысады. Міне, осы жерде жүріп Әлима Белосарова вагонның барлық құрылымымен жете танысады. Депо басшылығы кәсібін бес саусағындай меңгерген, вагонның бөлшек-тетігін кез-келген еркектен кем білмейтін Әлиманы вагон жөндеуші-қараушы етіп ауыстырады.

– Әлима Тұрсынбайқызы 2004-2016 жылдар арасында Маңғыстау вагон пайдалану депосында 5-ші дәрежелі вагон қараушы-жөндеуші болып жұмыс істеді. Ал қазір Жетібай станциясында Бақылау қосынында еңбек етуде. Әлима өте жауапты, өз кәсібін жетік меңгерген білікті маман, мінезі ашық, қарапайым, турашыл жан. Ол – біздің депо бойынша вагон қараушы болып жұмыс істейтін жалғыз әйел. Заты әйел болғанмен күннің аптап ыстығы, жауын-шашынына қарамай, ерлермен тең дәрежеде қолына балғасын ұстап алып, ұбақ-шұбақ құрамдарды аралап кете береді. Тіпті, «сен әйелсің ғой, қоя ғой» деген сөзді естісе, кәдімгідей шамданып қалады. «Сен істегенді мен неге істей алмаймын» деп бұрқан-талқан болғанын көзіміз көрген. Соған қарағанда қазақтың әйелдерін төмен етекті деген сөз келмеске кеткен, бүгінгі қазақтың әйелі үйде – ана, бала-шағасының қамқоршысы, ал түзде – еңбеккер, отбасының еркекпен тең құқықты асыраушысы, – дейді кейіпкеріміздің әріптесі, аға вагон қараушы-жөндеуші Құтжан Демегенов.

Жүк тасымалы басшылығы Әлима Белосарованы 2015 жылдың 25 тамызында №4351 пойызға техникалық қызмет көрсету барысында №75006189 вагонындағы №125757 бүйір рамасынан жарықшақ тауып қауіпсіздіктің сақтауына өлшеусіз үлес қосқанын үлгі тұтады. Бұл вагонды шығарушы зауыттан кеткен қателік және анықталуы қиын күрделі ақау болатын. Алайда, кәнігі маманның көзінен тереңдігі 9 мм, ал ұзындығы 15 мм жарықшақ тыс қалмаған. Әлиманың қырағылығының арқасында болуы ықтимал апат оқиғасы мен салдары үлкен шығынға әкелетін жағдайдың алды алынды.

Әлима Белосарованың азаматтығы жайлы айтқанда әріптестері оның жұмыстан бөлек, үйінде мүгедектік алуына байланысты зейнетке шыққан жұбайына күтім жасаумен қатар, ұл-қыздарын тәрбиелеп жеткізуде де жетекші роль атқаратынын айтады. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға, депода өтетін түрлі жарыстарға белсенді қатысып, өз саласына қатысты рационализаторлық ұсыныстар жасап, өнертапқыштықпен де айналысатын қайраткерлігін айтпай кетуге болмас. Кезінде өзімен бірге теміржолшы болып жұмыс істеген жұбайы Қабыл да алты баласының анасы, асыл жарына тек қолдау білдіріп, керек жерінде ақыл-кеңесін айтып отырады.

 Міне, бүгін Астана төрінде компания басшылығының құрметі мен қошеметіне ие болып жатқан әйел, «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері Әлима Тұрсынбайқызы, міне, осындай жан. Ол – әйел, ол - ана, ол – қайраткер.

Сұлугүл Бекенқызы  


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады