Жол картасы – сыбайластыққа тосқауыл қоюдың басты тетігі

Әлеумет
06.04.2019, 19:41

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Теміржол тасымалы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жол картасына қол қойды. Аталған маңызды құжат сыбайластықтың алдын алу бағытында бірлесе әрекет етуге негіз қалап, аталған індетті жоюдың басты тетігіне айналуы тиіс.

Маңызды құжатқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі атынан Берік Камалиев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қол қоюы бұл бағыттағы іс-әрекеттердің батыл да табанды жүргізілетіндігінен хабар береді. Ашып айтар болсақ, жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асыратын теміржол көлігінде жең ұшынан жалғасу, сыбайлас жемқорлық фактілерінің көрінісі аз емес. Сөз болып отырған жол картасы - теміржол саласындағы жүк және жолаушылар тасымалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі жұмыстардың басымдықтағы бағыттарын айқындап берген. Енді осы бағыттар бойынша бірлесе әрекет ету белсенді бола түсетіндігі айтпаса да түсінікті.

Нақтырақ айтқанда, теміржол вокзалдарына рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру, билеттерді сату кезінде түрлі заң бұзушылықтарды шектеу мен бақылау, сондай-ақ, пойызға жолаушыларды отырғызудың заманауи тәсілдерін қолдану, билеттерді сату жүйесін жетілдіру тағысын тағы амал-тәсілдер қарастырылған. Бұлардың барлығы да Компания беделіне нұқсан келтіріп ғана қоймай, жолаушылар үшін үлкен ыңғайсыздықтар туғызып, еліміздің туристік имиджіне де салқынын тигізерін ерекше атап кеткен орынды.

Жүк тасымалы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен адами факторларды болдырмауға мүмкіндік беретін «Шарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесін жаңғырту, вагондарды диспетчерлендіру және басқару жүйесін енгізу жоспарлануда. Компания бұл бағытта көптеген жаңашылдықтар енгізіп, адами факторлардың болмауы жолында бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Сондай-ақ біліктілік класы мен локомотивті басқаруға құқық беретін куәлікті алу үшін емтихан қабылдау және локомотивтік бригадаларын оқыту процесін бақылауды автоматтандыру да қарастырылған. Жолсеріктердің жолаушыларға барынша ізеттілігін таныту бағытында да оқыту мен үйрету жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.

Жол картасы өзіне сатып алу қызметтерін, кадр саясаты саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды қамтиды. Кадрларды іріктеуде де бірқатар жаңашылдықтар енгізіліп, талаптар күшеюде. Бұл орайда кадрлардың біліктілігін арттыру үшін еліміздің бірқатар өңірлерінде арнайы оқыту орталықтары бар. Сол орталықтарда мамандар өз салалары бойынша біліктілігін арттырып, білімдерін толықтырып отырады.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құлықты қалыптастыру мен заңбұзушылықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық, ағартушылық және ұйымдастырушылық іс-шараларын өткізу де назардан тыс қалмаған. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастықта жүргізілуде. Бұл жұмыстар белгілі бір кезеңге ғана арналып тоқтап қалмай, өзінің жалғасын таба беретін болады.

Асқар ИСАҚОВ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады