Қызылорда станциясындағы техникалық кітапхананың жаңа деңгейі

Әлеумет
06.04.2019, 22:30

Білімнің бастауы кітап дейтін болсақ, бұған дейін, яғни интернет ресустардың қолжетімділігі артқанға дейін кітапханашының жұмысы тек кітап алушыға қызмет көрсетумен шектелетіндей көрінетін. Ал қазіргі сандық технология әлемі кітапхананың да қызметін жаңа деңгейге көтеріп, тиімді және пайдалы санатқа енгізді.

Осыған орай теміржолшылардың ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын дамытып, күнделікті ақпарат ағынынан сусындап отыру үшін қызмет ететін кітапханалар өз жұмыстарын қайта құруда. Сала теміржолшыларының кітапханадан алатын ақпараттарының жылдамдығы мен қолжетімділігін арттыру, ақпарат алудағы икемдіқолайлылық және сұраныстың қанағаттануын қамтамасыз ету үшін кітапханашыларға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.

Ұлттық компанияның Технологиялық орталығына қарасты Қызылорда станциясындағы техникалық кітапхана да теміржолшылардың сұранысын қанағаттандыруға барынша бетбұрыс жасауда. Ол үшін орталықтандырылған ақпарат жүйесі, айналмалы пошта, ақпарат күні ұсынылатын жаңалықтар, мерзімдік БАҚ түрлері таратылып, ғаламтор жүйелер арқылы теміржолшылардың және өзге филиал оқырмандарының да өтініш-сұранысына сай қызмет атқаруда. Сонымен қатар техникалық кітапханадан теміржолшылар жан-жақты ақпараттық қызмет алумен қатар, өздеріне қажетті теміржол көлігі саласындағы жаңалықтармен хабардар болу, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі көрсеткіштерін төмендету материалдарына қолжетімділік, техникалық қауіпсіздік пен еңбек қорғау, теміржол саласындағы өнертапқыштық тұрғысында жарияланған жаңалықтармен дер кезінде танысу мүмкіндіктері қарастырылған.

– Қазіргі таңда ескі техникалық кітаптарға сұраныс артуына байланысты кітапханада сирек кездесетін ескі кітаптарды «ПДФ», «Паин-рейдер» бағдарламалары арқылы жүйеге тіркеп, баршаға қолжетімді еттік. Жалпы мерзімдік баспасөз өнімдері, маңызды ақпарат парақшалары секілді теміржолшыларға қажетті ақпараттың бәрі интернет кітапхана жүйесі арқылы таратылады және де айналым поштасымен де сұраныс жіберген теміржолшыларға қажетті ақпараттар жөнелтіп отырамыз. Жалпы алғанда теміржол саласының техникалық кітапханасы қолжетімді әрі сұранысқа сай жұмыс жасауда. Техникалық әдебиеттерге сұранысты қанағаттандыру үшін ғылыми техникалық ақпарат және сараптама орталығы кітаптарды сандық жүйеге көшіруді қолға алуда, бұл жұмыстар бізде де қатар жүргізілетін болады, – дейді Қызылорда техникалық кітапхана қызметкері Райхан Темірғазиева.

Қызылорда техникалық кітапханасы әр айда тұрақты көрме өткізуді жоспарға енгізген. Мысалы, жуырда «Теміржолдағы техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау» тақырыбында кітап көрмесі өткізілсе, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «Вокзал шаруашылығы» бөлімінде, «Өндірістік-техникалық» бөлімде, «ЛОИС» және «Жол шаруашылығы» бөлімі қызметкерлеріне ашық ақпарат күні ұйымдастырылып, жаңалықтармен таныстырылған.

Техникалық кітапхананың қызметін әртараптандыру және ақпаратқа сұранысты жедел қанағаттандыру мақсатында қазіргі қолданыстағы ақпарат, ғаламтор жүйесі желілері арқылы «айналым поштасын» кеңейтуді жетілдіріп, сонымен қатар дәстүрлі ұйымдастырылатын ақпарат күні, маман күні, кітап көрмесі және құжат пен кітапты электронды нұсқада жеткізу қызметтерін арттыра түспек. Және де салалық жорналдардың электронды нұсқасын тарату шарасы қолға алынуда. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады