Жамбылда 200-ден аса теміржолшы денсаулық акциясына қатысты

Әлеумет
17.04.2019, 11:29

Өндіріспен тікелей байланысты темір жол саласында еңбек қауіпсіздігін сақтау, оның ішінде адам денсаулығын қорғау басты құндылықтардың бірі болып қала береді. Жамбыл өңірінде жоғарыда аталған құндылықтардың қамымен атқарылып жатқан іс-шаралар еш толастаған емес.

Жуырда дүниежүзілік Денсаулық сақтау күніне орай Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы мен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі және кәсіподақ ұйымы бірлесіп аталған күннің құрметіне акция өткізді. Оған 200-ден аса теміржолшы қатысып, акция бағдарламасындағы шараларға атсалысты.

Алдымен акцияға қатысушылар Амангелді Байқожаев, Бақыт Мәмбетқұлов және Евгений Тян сынды магистральдық желі бөлімшесінің спорт жөніндегі инструкторларының басшылығымен таңертеңгілік гимнастикалық жаттығуға қатысып, денелерін қыздырып алды. Одан кейін Жамбыл темір жол ауруханасының медбикесі Жанар Кулебаеваның дәрігерлік тексеруіне жүгінді.

– Шараны өткізудегі мақсатымыз – қызметкерлерге жалпы барлық аурулардың алдын алу үшін дұрыс тамақтанудың, дене белсенділігінің маңыздылығы жөнінде ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп, қандағы холестерин және қант мөлшерін анықтап, бой, салмақ және қан қысымдарын өлшеуді көздедік. Сол арқылы кімнің денсаулығы қай деңгейде екені белгілі болады. Ары қарай әркім өз сырқатына қарай тиісті дәрігерге қаралуы мүмкін. Жұмысбастылықпен көп жағдайда өз денсаулығымызға мән бере бермейміз. Осындай шараларды жиі өткізу арқылы көп аурудың дер кезінде алдын алуға болады. Мәселен осы акцияның арқасында біраз жұмысшылар медбике кеңесі бойынша тиісті дәрігерге жолдама алып жатыр, – дейді Жамбыл жол бөлімшесі жастар ісі жөніндегі өңірлік өкілі Д. Жолдасбаев.

Осы шарадан кейін жамбылдық жас теміржолшылар «Никотинге витамин» акциясына қатысты. Онда олар тиісті маманның темекінің адам ағзасына тигізер зияны мен қоғамдағы қатері жайлы ақпаратын тыңдап, қалтасындағы темекісін қоқысқа тастап орнына алма алды. Акция ұйымдастырушылары никотинге тәуелділерге темекі орнына бір келі жеміс алып жеуге кеңес берді. Шара соңы жастардың көңілді флешмобымен тәмамдалды.

Жасұлан СЕЙІЛХАН

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады