Қазалы станциясында шағын футболдан жарыс өтті

Әлеумет
17.04.2019, 16:15

Жастар жылына орай Қызылорда ЖТ бөлімшесі Қазалы станциясында аймақтағы барлық теміржол мекемелерінен жасақталған, кіл жастардан құралған 12 команда қатысқан шағын футболдан жарыс болып өтті.

Қызылорда локомотив пайдалану депосының филиалы Қазалы айналым депосы ұжымы жастарының ұйымдастыруымен спорттық дода станцияның іргесіндегі аудандық стадионда өтіп, оған Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев, Қазалы вагон пайдалану депосының басшысы Арғын Орымбаев, Қызылорда локомотив пайдалану депосының басшысы Жұлдызбай Мұсаев арнайы барып, жас спортшыларға қолдау білдіріп, жанкүйер болды. Әрдайым салауатты өмір салтын берік ұстанатын бөлімше теміржолшылары, оның ішінде жастар өздерінің кәсіби міндеттерін атқара жүріп, қоғамдық-көпшілік жұмыстарға да белсене араласып келеді. Бүгінгі шара соның айғағы.

– Елбасы Н.Назарбаевтың ағымдағы жылды – «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты жастарды қолдау және оларды салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру мақсатында Қазалы айналым депосында «Спорт пен еңбек – егіз» ұранымен теміржолшы жастардың футболдан ашық турнирі ұйымдастырылуда. Еңбекте өздерінің мықты маман екендіктерін талай мәрте әйгілеген біздің теміржолшы жастар спорттық ойындарда да жұлдызы жанып компания көлеміндегі жарыстарда, аудандық, облыстық ауқымда өткізілетін сайыстарда жүлделі орыннан көрініп жүр. Бүгінгі спорт бәсекесінде де сіздерге сәттілік тілеймін, – деді Аманкелді Арысбаев жарыс жалауын көтерген жастарға қарата.

Өз ұжымдарынан іріктелген кілең жастардан құралған 12 команда футболшылары араларынан ең үздікті анықтау үшін топтық ойынды бастап жіберді... Алғашқы ойын қызылордалық машинистердің ТЧЭ34 құрамасы мен Әскерилендірілген теміржол күзеті жасағының ВЖДО құрамалары арасында өтті. Одан кейін локомотив пен Қамқор-вагон, ЛРЗ-Қазалы мен НОРПож құрамалары арасында қызу ойын өрбіді. Осылайша өз топтарынан ұпай саны, шеберлігі мен ептілігімен ысылған үздіктер бірте-бірте күш алып, ойынның ақырғы айналымына іріктеліп шықты.

Соңында үш команда арасындағы тартысты ойын нәтижесінде жүлделі 3-орын қызылордалық ТЧЭ-34 машинистерінен құралған командаға бұйырды. Жүлделі 2-орынға ЭЧ-26 құрамасы көтерілсе, жүлделі 1-орынды ойынды ұйымдастырушы жергілікті қазалылық машинистердің ТД-23 құрамасы жеңіп алды. Ойында ерекше әдіс-айласымен, командаластарына доппен пас жасау, шабуылды ұйымдастыру жағынан ерекшеленген теміржолшылар да жүлдесіз қалмады. Оларға да арнайы әзірленген сыйлықтар, дипломдар берілді. Мысалы үздік ойыншы ТЧЭ-34 құрамасынан Алексеев Рустам, ВЖДО командасынан Қазбек Аралбай - үздік қорғаушы, үздік қақпашы - ЭЧ-26 құрамасынан Қуантқан Қуаныш, үздік ардагер-ойыншы Жарылқасын Есенов, ТД-23 құрамасынан Әділбек Жұмахметов, Өмірова Дәметкен (футбол ойынын ұйымдастыру жұмыстары үшін) және Ерлан Бимұрат секілді бір команданың үш мүшесіне үздік ұйымдастырушы марапаты беріліп, алғыс айтылды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады