Абайламай ажал құшты

Әлеумет
22.04.2019, 14:47

Өткен сенбі елорданың теміржол станциясында ойнап жүріп, пойыз үстіне шыққан жасөспірім баланы 27 мың вольттық ток ұрып, қаза тапты. 13 жасар мектеп оқушысы Кирилл Василевскийдің өліміне қатысты станция басшылығы, желілік тәртіп сақшылары және көліктік прокуратура өкілдері бірлесе жиын өткізіп, түсініктеме берді.

Темір жол – аса қауіпті аймақ екенін болат жол бойына жақын елді мекендер тұрғындарына, мектеп оқушыларына, мекемелер қызметкерлеріне айтудан бір танбайтын теміржолшылар халықтың бейқамдығына қатты алаңдаулы.

– Темір жол бойындағы электр энергиясы берілетін сым токтардың бойында вольт күші өте жоғары болады. Балалар түгілі үлкендердің өзі арнайы өткел жолдармен емес, пойыздың асты немесе үстімен өтетін жағдайлар жиі кездеседі. Оларды біз арнайы рейд барысында анықтаймыз және парк күзетшілері ескертіп, көріп қалса жолға салып отырады. Бұл жолы да балалар пойыз үстіне қызығушылықпен шыққан. Ал оның үстіндегі ток күші аса қуатты, 2 метр биіктікте тұрғанның өзінде оның толқыны адамды өлтіруге жетеді. Өте қайғылы жағдай, ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз, – дейді Нұрсұлтан-1 станциясының бас инженері Бақытхан Әбеуов.

13 сәуір күні станцияға үшінші жолға кешкі сағат 21.01-де №2911 пойыз келіп тоқтайды. Ал сағат 21.19 минутта әскерилендірілген күзет қызметкерлері пойыздың жабық вагонының жанына жиналып қалған адамдарды көріп жақын келгенде, олардан вагон үстінде тоқ ұрған бала денесі жатқанын біледі. Әскерилер дереу желілік тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртады. Алдын ала болжам бойынша бұл оқиға жасөспірімнің жеке басының абайсыздығынан болған. Қаза болған бала №21 мектептің оқушысы.

Балаларды теміржол қаупінен қалай сақтауға болады? Олар неге сол жол бойына әуес? Бұл теміржолшыларды қатты алаңдататын мәселе. Сондықтан олар үздіксіз профилактикалық жұмыстарды жүргізіп отырады. Мәселен, былтыр №21,26, 36, 49, 61 мектептерде 10 рет түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлығы 1012 баланы қамти отыра, оларды темір жолға жақын аймақта сақталатын қауіпсіздік ережелерімен таныстырған. Сонымен қатар 329 адамды қамти отырып, темір жолға жақын елді-мекендердің тұрғындарымен 13 кездесу өткізіп, темір жол бойынан мал алып өту, айналасында мал жаю ретін түсіндірген. Барлығы 1341 жадынама таратылған. Бұған қоса қызметкерлерге де жолдағы қауіпсіздік ережелері жөнінде 23 техникалық сабақ өткізілген. Өткен жылы Нұрсұлтан-1 станциясының қызметкерлері желілік сақшылар, әскерилер, локомотившілермен бірге 30 рейд ұйымдастырыпты. Соның барысында темір жол арқылы өту бойынша 329 заң бұзушылық анықталған. Басшылардың айтуынша, қауіпсіздік белгілері, станция паркінің жарықтандырылуы тұрақты тексеріліп отырады. Темір жолдан өту қауіптілігі туралы 13 белгі орнатылып, 11 белгі жаңартылған. Жолаушылар өткелі, қызметтік жолдар, жолаушылар платформасы қардан уақытылы тазартылып, құм себіліп отырады. Осы жылы бүгінгі күнге дейін темір жолға жақын мектептерде және көп профильді колледж бен ҚазККА колледжінде 416 адамды қамти отыра, 4 кездесу ұйымдастырылған. Ал тұрғындармен 6 кездесу өткізілген.

Міне, осындай жұмыстар тұрақты жүргізілгеніне қарамастан темір жолда адамдардың қайғылы жағдайларға ұшырап жатуы азаяр емес. Көлік прокуроры мен желілік ІІД қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында олар теміржолшылармен бірлесе атқарар жұмысты бұдан да күшейте түсуге келісіп, бірлескен рейдтер, тексерулерді көбейтіп, қоршаулар, арнайы белгілерді тағы көптеп орнату мәселесін талқылады.

Ұлан ОРАЗ

Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл