Сексеуілдің тамыры тереңде

Әлеумет
22.04.2019, 16:39

Құмды жерде өсетін сексеуіл деген ағашты білесіз бе? Діңі қатты, тамыры терең, аязға да, құрғақшылыққа да төзімді өсімдік. Қызылорда магистралдық желі бөлімшесіне қарасты Сексеуіл жол дистанциясының бастығы, Құрметті теміржолшы Мажет Құрманбаевты мен сол сексеуілге ұқсатамын...

Қысы-жазы табиғаты қатал, иір-иір сексеуіл мен изеннен басқа түк өспейтін құмдауыт далада жүретін осы бір батыр тұлғалы темірдей төзімді қайсар жанның күш-жігері мен еңбекқорлығына таң қалмау мүмкін емес. Жаңадан салынған Бейнеу – Жезқазған теміржолының бойынан 2016 жылы құрылған Сексеуіл жол дистанциясының басшылығына Мажет Қуандықұлы бекер таңдалмаса керек. Себебі ол, нағыз еңбекте шыңдалған жолшы. Өткен ғасырдың 80ші жылдары Алматы теміржол көлігі инженерлер институтын бітірген соң, еңбек жолын Жосалы жол дистанциясында жол жөндеуші болып бастап, бригадир, жол шебері, инженер-технолог қызметтерін атқарып, 1988-1997 жылдары қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры, сосын Қазалы жол дистанциясы бастығының орынбасары секілді жауапты қызметтерді атқарды. 1997-2000 жылдары Шалқар жол дистанциясын басқарса, 2000-2001 жылы Ақтөбе жол бөлімшесінде бас инженер, 2005 жылға дейін Батыс Қазақстан теміржол шауашылығында бас инженер және өндірістік бөлімнің бастығы қызметін атқарады. Тағы бес жылдай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Хромтау филиалы «Желдорстрой» мекемесінде өндірістік телім басшысы, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы болды.

Ал Бейнеу – Жезқазған магистралінің құрылысы басталған кезде арнайы шақыртумен «ҚТЖ» ҰҚ» темір жол желілерін салу дирекциясының бас менеджері болып тағайындалып, Жезқазған-Сексеуіл темір жол құрылысына басшылық жасады. Жол салынып бітіп пайдалануға берілген соң жаңадан құрылған Сексеуіл жол дистанциясына басшылық етіп қалды. Басқаша болуы да мүмкін емес еді. Осынау иір-иір сексеуіл ғана өсетін құм суырған құла дүзде жол күтімін жасау оны салған шебердің ғана қолынан келеді деп шешсе керек жоғарыдағы басшылық. Міне, содан бері жолшылар ұжымына жетекшілік етіп, жаңа телімнің күтімін жасап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Сексеуіл жол дистанциясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол дистанциялары бойынша 2018 жылдың қорытындысымен 1-орынға ие болып, жеңіс тұғырына көтерілуі майталман басшының ерен еңбегінің нәтижесі болса керек. Өздерін танымал теміржолшының шәкірттері санайтындар қатарында Маңғыстау жол дистанциясының басшысы Бекберген Құрбанов және Атырау магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жанат Жартыбаев бар.

– Біздер кеше Мажет Қуандықұлына шәкірт болсақ, бүгін әріптесі саналамыз. Қайда жүрсек те біздерге сонау 9697 жылдары Маңғыстаудың 9-10-бекеттеріндегі күрделі жөндеу жұмыстары кезінде теміржол салудағы ерекшеліктерді үйреткенін, техникалық құжаттарды жүргізуге баулығанын, жалпы алғанда жол шаруашылығының қыры мен сырын үйретіп, кәсіби маман болуымызға үлес қосқанын ұмытқан емеспіз, батыс өңірінде алғашқы 800 метрлік рельстерді салу жұмысында ұстазымыздың қолтаңбасы әлі тұр,– дейді олар.

Жалпы Маңғыстау, Атырау өңірінде талай жыл еңбек етіп, теміржолда күрделі жөндеу жұмыстарын белсене жүргізген теміржолшы ретінде Мажет Қуандықұлының да айтары бар.

– Ол кез техниканың да, материалдың да тапшылау заманы, ол жақтағы рельстер сол кездері Р-43 болатын, кейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жаңа рельстер салдық. Жұмыс оңай болған жоқ, бірақ қабілетті, «айтқаныңды қағып алатын» Жанат, Бақберген және Жүсіп, Көбейсін, Қуаныш секілді мамандар жол салу, оны күтіп баптау жұмыстарында алдарына жан салмайтын таланты теміржолшылар деп білемін. Кешегі ЖезқазғанСексеуіл телімі құрылысында да осы әріптестерімнің біліктілігі, тәжірибе-шеберліктері жұмыстың жемісті болуымен нәтижеленді,– дейді еліміздің әр түкпірінде атпал теміржолшылардың қалыптасуына септігін тигізген Мажет Қуандықұлы. Сонымен, өткен жылы үздік шыққан сексеуілдік жолшылар биылғы жылдың алғашқы тоқсанында да жеңісті жолын жалғастырып келеді екен. Өткен үш айда қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын қатаң орындап өндірістік жұмыс барысында оқыс жағдайларға орын бермеген.

Оқиға, тосын жағдай тіркелмеген. Тек ақпан айында бір рет, малға қарсы қоршау тұрғызылмаған 19-бекет пен Сексеуіл станциясы аралығының 952 шақырымында, мал басу оқиғасы есепке алынған. Мұнан өзге қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары, пойыздардың кідіруі тіркелмеген. Жолдарды ағымдық күтім, күнделікті технологиялық талаптарды орындау, жолдарды күнделікті тексеріп техпроцес талабына сай баптау шараларын жүргізіп отырған сексеуілдік жолшылар биыл көктемгі комиссиялық тексеруге мұқият әзірлік жасады, барлық жолдар май шаммен қарағандай көзден өткізіліп, керек жерінде ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізілетін акциялар негізінде жолдарды жазғы күтіп-баптау, түйіспесіз рельстердің халін анықтап күтім жасау науқаны да кесте бойынша атқарылуда. Телімдердегі ақаулықтарды анықтау мақсатында жол өлшегіш вагондарының жұмысы да тұрақты жүргізіліп, кемшіліктер дер кезінде техгологиялық талаптарға сай түзетілуде.

Міне, осы жұмыстың басықасында сол сексеуілді даланың төл перзенті, жуырда ғана ел ағасы 60 жасын атап өткен Мажет Құрманбаевтай кәнігі жолшы жүреді...   

Жаңалықтар
04.06.2026
ҚТЖ осы жылдың мамыр айында локомотивтердің кезекті партиясын алды
Инфрақұрылым
04.06.2026
Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.06.2026
Теміржолшылар мемлекеттік рәміздер құрметіне ауқымды патриоттық флешмоб орындады
Жаңалықтар
04.06.2026
Минскіде Қазақстан мен Беларусь темір жолдары басшыларының екіжақты кездесуі өтті
Жаңалықтар
04.06.2026
Көк Туды көкке көтерген чемпион
Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды
Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы