Атыраудың теміржолшылары қызықты махаббат хикаясына қатысты

Әлеумет
25.04.2019, 08:18

Таяуда «Самұрық-Қазына» АҚ «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне орай «Ең қызықты махаббат хикаясы» корпоративтік онлайн-конкурсын ұйымдастырған еді. Байқауға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – Атырау ЖТ бөлімшесінен жас отбасы ретінде Темірхан Аманқұлов пен оның жары Жайна Ерғалиева да қатысты.

Конкурстың негізгі мақсаты – елімізде отбасылық құндылықтарды нығайту, жұмыс пен жеке өмір сабақтастығын күшейту, шынайы сезімді насихаттау. Байқауға қатысушылар отбасылық фотосуреттерін, махаббат тарихын жазып жіберуі керек болатын. Байқау шартына сәйкес интернет қолданушылардың онлайн дауыс беруі арқылы жеңімпаздар анықталды.

Темірхан – Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлім басшысы болса, Жайна – автоматтандырылған басқару жүйесінің диспетчері. Екеуінің де ата-аналары теміржолшылар, бұлар отбасылық династияны жалғастырушылар. Отбасы құрғандарына екі жылдан асты. Махаббат хикаясына келсек, екеуі Ақтөбедегі теміржолшы жастардың жиынында танысыпты. Ол туралы Темірханның өзі әңгімелеп берді. «Сол жылы мамыр айында Ақтөбе қаласында Қазақстан темір жолы кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен жастар форумына қатыстым. Шара барысында қарама-қарсы бағытта отырған сұлу қызға көзім түсті. Бір көргеннен ғашық болу мүмкін екеніне сенбейтін едім, алайда, тап сол күннен бастап ойым күрт өзгерді. Дегенмен де, форум аяқталған соң өз жұмыс орным Атырау қаласына оралу қажет болды.Арамызда жүздеген шақырым қашықтық болғанымен де, біздің жүректеріміз бір-бірін іздеп тұрды. Телефон арқылы хат алмасып жүріп, бертін келе бір-бірімізге бауыр басып кеткенімізді, өзіміз де байқамай қалдық. Уақыт өте келе бір-бірімізге сезіміміз арта түсіп, отбасын құруға келістік», – деп күлді отағасы. Олар бүгінде бақытты да жарасымды жұп. Қазіргі таңда 1,5 жастағы Жанерке есімді сүйкімді қыздары өсіп келеді. Байқау нәтижесінде, олар теміржолшылар әулетін жалғастырушы әрі отбасылық дәстүр мен кәсібіне адалдығы үшін Алматы қаласына бір аптаға демалып келуге және ағылшын тілінің тегін курсына қатысуға жіберілмек. «Алға қойған мақсат-арманымыз көп. Сол армандарымыздың бірі, темір жол саласының мықты маманы болып, биік белесінен көріну», – дейді Темірхан мен Жайна.

Қосұйым МҰҚАШЕВ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады