Идеологиялық қауіптің негізгі дені ғаламтордан төнуде

Әлеумет
26.04.2019, 08:50

Семей ЖТ бөлімшесінің ПЧ-39 жол дистанциясында жергілікті теміржолшылардың қалалық ақпараттық-түсіндіру тобымен кездесуі болып өтті. Көпшілік алдында өңірлік дін істері мәселелерін зерттеу орталығының мамандары танымдық тақырыпта баяндамалар жасады.

Жиынға Семей ЖТ бөлімшесінің басшылығы, бөлімшедегі шаруашылық ревизорлары мен жолшылар қауымы қатысты. Бүгінгі күндері идеологиялық қауіптің негізгі дені ғаламтордан төнуде. Тексерілмеген, бұрыс ақпараттарға сену – теріс қадамға бастайды. Осы жайында сөз өрбіткен мамандар діни наным-сенім бостандығы мен қатар, рухани ілім алуға ұмтылу аясында жат пиғылды радикалды діни идеологиялардан сақтану мәселелері төңірегінде келелі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, толеранттылық ұстанымда болудың маңыздылығы мен жастар бойына деструктивті ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мәселесіне де тоқталды. Мұнымен қоса, заңсыз миссионерлік әрекеттердің соңы жауапкершілікке әкелетінін де айтып өтті.

– Мұндай келеңсіз көріністер әсіресе теміржол вокзалы аумағында тіркеліп жататыны жасырын емес, – деді мамандар өз сөзінде.

Жалпы, қазіргі күні жақындары деструктивті жат ағымдар ықпалына түскен немесе осы тарапта сұрағы бар тұрғындар үшін арнайы сенім телефоны ашылғаны да айтылып өтіп, аталмыш мәселе төңірегінде мамандар кеңесіне жүгіну ұсынылды.

Жиын соңында басқосуға қатысушы теміржолшылар дәстүрлі дін, діни рәсімдер мен жоралғыларды орындау, жаңадан қабылданған діни қызмет пен діни бірлестіктер жұмыстары жайында түрлі сауалдар қойып, мамандар тарапынан тиісінше жауаптар ала алды.

Қуан ЕРТІС

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады