Жас теміржолшылар турнирі

Әлеумет
05.04.2019, 11:08

Биылғы Жастар жылының тұжырымдамасында жас буынның спортпен шұғылдануына бар жағдай жасалуы керектігіне баса назар аударылғаны белгілі.

Жуырда Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директоры Асқар Кукузовтың қолдауымен әрі Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі жастар ісі жөніндегі өңірлік өкілі Дәулетбек Жолдасбаевтың ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Ұлан» стадионында бөлімшедегі жас теміржолшылардың арасында кіші футболдан турнир өтті. Спорттық шараның ашылу рәсіміне Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Еркін Алтынбеков, Жамбыл сигнализация және байланыс дистанциясының директоры Аман Улакулов сынды бірқатар мекеме басшылары қатысып, жастарға жеңіс тіледі.

Спортпен айналысудың адам денсаулығына пайдасы, оның қоғамдағы маңыздылығы жөнінде ақылкеңестерін айтып өтті. Магистральдық желі бөлімшесіне қарасты алты құрылымның командалары арасында өткен турнир тартысты да шиеленісті өрбіді. Жеңіске деген талпыныстың әсері ме, кей коман да қызды-қыздымен тәртіп бұзып, төрешіден ескерту алып қалды. Тіпті қызыл карточкамен ойыннан шеттетілгендер де болды. Жалпы, турнир қорытындысында Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің командасы оқ бойы озық шығып, бірінші орынның 15 000 теңгесін иеленсе, ШЧ-36 мекемесінің футболшылары екінші орынның нәтижесін көрсетіп, 10 000 теңгенің сыйлығын еншіледі.

Үшінші орын алған ЭЧ21 командасы да 10 000 теңгені қанжығалады. Қатысқан басқа командаларға 5000 теңгенің ынталандыру сыйлығы берілді. Сондайақ, Тараз темір жол вокзалының басшысы Талғат Төлеубеков – үздік қақпашы, Түлкібас жол дистанциясының жол жөндеушісі Айдос Бурабаев – үздік қорғаушы, магистральдық желі бөлімшесінің көлік жүргізушісі Санат Сәрсекеев – үздік шабуылшы атанды. Жамбыл жол дистанциясының директоры Алтынбек Табылдиевтің командасы үздік үштік қатарына іліге алмаса да, жігіттерін ынталандырып өз қалтасынан 10 000 теңге жүлде ұстатты. Ойын қызығына түсіп кеткен жастар доп додасының кезекті турнирі қашан өтетінін сұрап, ағаларын қолқалап жатты. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады