Локомотившілер жарады

Әлеумет
04.04.2019, 11:23

Жуырда Аягөз қаласында республикалық «Қарекет» қайырымдылық қорының жүлдесі үшін шағын футболдан жарыс өтті. Қала бойынша 17 команда қатысқан сайысшылар қатарында теміржолшылар да болды.

Бір ерекшелігі, әрбір қатысушы қайырымдылық мақсатында қорға 1000 теңгеден жарна қосты. Осылайша жүздеген мың теңге қаражат «Қарекет» қайырымдылық қорына аударылып, жарна есебінен жиналған қаржы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үй сатып әперу мақсатына жұмсалатын болады. Ойын мейлінше тартысты өрбіп, жанкүйерлер үшін қызықты сәттерге толы болды. Барлық командалар жоғары даярлықпен келгендіктерін кездесулер барысында дәлелдей білді.

Десек те, ақтық финал барысында тек үздіктер ғана топ жарды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды 10810-әскери бөлімінің «Шығыс» командасы жеңіп алды. Жүлделі 2-ші орынды ТЧЭ-25 мекемесінің «Локомотив» командасы қанжығаға байласа, олардың салалық әріптестері Аягөз локомотив жөндеу депосының командасы үшінші орынды иеленді. Ал, команда капитаны, «тас қамал» қорғаушы Бақытжан Табанов осынау біріншіліктің үздік ойыншысы атанды. – Аягөздегі теміржол мекемелері арасындағы чемпион болғандықтан жігіттеріміз жарады. Жүлделі екінші және үшінші орынды локомотившілер алдық. Бірақ, мәселе жеңісте емес, мәселе қайырымдылық шарадан тыс қалмай, азаматтық ұстанымымызды білдіру,– дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Асхат Тілеубаев. Қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған сайыс соңында барлық жүлдегерлерге құрмет грамоталары табыс етілді.

Қуаныш ҚОЖАЕВ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады