Жақсылықтың үлкен-кішісі жоқ

Әлеумет
01.04.2019, 12:06

Маңғыстау вагон пайдалану депосының теміржолшылары осымен үшінші жыл қатарынан депо орналасқан Мұнайлы ауданындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көрсетіп келеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы жанындағы Жастар кеңесінің Маңғыстау өңірі бойынша аймақтық өкілі, вагон қараушы Қуатбек Көпбаевтың айтуынша, биыл жыл басталғалы олар сондай 10 отбасына көмек көрсеткен.

– Көбіне ондай отбасылар тізімін аудандағы мешіт қызметкерлерінен аламыз, сонымен қатар көрші-қолаң арасында, таныстар ішінде қиналып жүрген отбасыларды байқасақ, соларға депо теміржолшыларының өз еріктерімен жинаған қаржысына күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін сатып алып, бірдей етіп бөліп, апарып береміз. Бұл ізгі шара жыл бойына жалғаса береді. Қаржының жиналған ретіне қарай кезекті отбасыларға көмек көрсетеміз, – дейді Қуатбек.

Оның айтуынша, деподан бөлек, аймақтағы барлық құрылымдық мекемелерде еңбек ететін жас теміржолшылар бірігіп, осындай шараларды ресми мерекелер, Қарттар күні, Жеңіс мейрамы қарсаңында да жыл сайын өткізіп тұрады. Азық-түліктен тарту етуден бөлек ерікті жас теміржолшылар өз орталарынан шыққан өнерпаздар күшімен концерттік бағдарламалар да ұйымдастырып, елдің алғысына бөленіп жүр.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады