Маусымдық киімдермен қамтылуда

Әлеумет
01.04.2019, 12:30

Аймақ теміржолшыларының еңбек және техникалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында тақырыптық акциялар, арнайы техникалық сабақтар, семинарлар ұйымдастырылып, маусымдық киімдермен қамтылу мәселесі де толық шешімін табуда.

Мысалы, жылдың басында арнайы қыстық киіммен 420 дана төмен температурада суықтан қорғану костюмі, 840 пима, 1150 құлақшын, 735 жылы қолғап және 700 жұп жылы ботинкамен қамтылған теміржолшылар енді міне, көктем шыға жаз маусымына қажетті киімдерін ала бастады. Бөлімшеге қарасты станция-бекеттермен қатар Қызылорда локомотив пайдалану депосы мен Қазалы вагон пайдалану деполарының теміржолшылары да маусымдық киіммен кестеге сай қамтылуда екен.

– Жалпы биылғы жылдың басынан бері қыстық киіммен қатар жаз маусымына арналған 2250 дана мақтаматадан тігілген костюм, 1500 ерлер ботинкасы, 303 әйелдер ботинкасы, 874 сигналды жилет, 925 жаздық бас киім мен 19 000 дана қолғап алынып, таратылуда. Бұл киімдердің барлығы станция-бекеттердегі теміржолшыларға, сонымен бірге Қызылорда локомотив пайдалану және Қазалы вагон пайдалану деполарының теміржолшыларына қажеттілігіне қарай үлестіріліп беріледі, – дейді бөлімшенің техникалық бөлімінің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Ғабит Тілеубаев.

Сонымен қатар жұмысшылар үшін жеке қорғаныс құралдары: 19 дана диэлектрлі боти, 294 дана диэлектрлі қолғап, 90 дана резеңке қолғап, 120 дана брезент қолғап және дәнекерлеушілерге арналған бірсыпыра арнайы киімдер алынған.

Ғабит Серікұлының айтуынша, теміржолшылар үшін арнайы жұмыс орындарының жұмыс жиһаздарымен, тұрмыстық техникамен жабдықтау шаралары да тұрақты түрде жүргізілуде екен. Еңбеккерлердің тұрмыстық қажеттілігі үшін мысалы 25 тоңазытқыш, 25 қысқа толқынды пеш, 15 электрлі шәйнек, 15 су диспансері, өтек және 6 кір жуу машиналары секілді тұрмыстық техикалардың алынуы үшін келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады