Достық станциясында спорттық сайыстар өтті

Әлеумет
02.05.2019, 10:15

Достық станциясында Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай Салауатты өмір салтын сақтауға шақыратын ойындарды насихаттап, дамыту, теміржолшылар денсаулығын нығайтуды мақсат тұтқан спорттық сайыстар өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының жанындағы Жастар кеңесінің Достық станциясы бойынша аймақтық өкілі Данияр Бимашевтің айтуынша, салауаттылық – салтымыз деген девизді ұстанған теміржолшылар 26-28 сәуірде үш күн бойына стол теннисі, шахмат және шағын футболдан жарысқа түсті. Теннис пен шахмат ерлер мен әйелдер арасында өткізілді.

Сонымен қатар тоғызқұмалақ пен шахмат станция кітапханасында, футбол «Теміржолшылар» саябағында ұйымдастырылды. Спорттық шараның ашылу рәсімінде Достық аймақтық учаскесі цех комитетінің төрағасы Жанат Ақсубаев, ВЧД-26 цех комитетінің төрағасы Асет Момышев, Достық станциясының НЖС-7 спорт жөніндегі нұсқаушысы Асхат Қыдырбеков сөз алып, Бүкіләлемдік еңбек қорғау күніне орай қауіпсіздік жайында әңгіме өрбітіп, оның қоғамдағы маңыз-дылығы жөнінде кеңестерін айтты.

– Жарыстың алғашқы күні, яғни 26 сәуірде тоғызқұмалақ, шахмат, стол теннисі жарыстары ұйымдастырылды. Айта кететін жайт, тенниске станция ардагерлері көбірек қатысты. 15 ойыншы арасынан жеңімпазды анықтау оңайға соқпады, олар тек шешуші ойында алға шықты, – дейді Д.Бимашев.

Жарыс нәтижесінде 1-орынды ВЧД-26 қызметкері Сабыр Кашкеев, 2-орынды Достық станциясының НЖС-7 спорт жөніндегі нұсқаушысы Асхат Қыдырбеков, 3-орынды желілік ішкі істер бөлімінің қызметкері Қарсыбай Марсель иеленді. Ал тоғызқұмалақ жарысы теміржолшылардың балалары арасында өтті. Шахматтан 1-орынға «Кедентранссервис» АҚ қызметкері Еркін Қожанжаров, 2-орынға Достық станциясының жүк қабылдап тапсырушысы Қалмұхан Жұмаханов, 3 орынға станцияның вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші Арнұр Дастаров лайық деп танылды. Келесі күні «Теміржолшылар» саябағындағы стадионда Достық кенті бойынша мекемелер арасында кіші футболдан турнир өтті. Оған 8 команда мықты деген ойыншыларымен келді. Ойын өте тартысты өтіп, тіпті командалар топтық кезеңнен шығу үшін пенальти сериясына дейін барды. Фаворит командалар артта қалып, ойынға енді қосылған командалар жақсы нәтиже көрсетіп, финалға шықты.

Турнир қорытындысы бойынша Достық станциясының теміржолшыларынан құралған ко манда озып шығып, 20 мың теңгені иеленсе, 2-орынды алған 2484 ә/б комендатура командасы 15 мың теңге алды, 3-орынға шыққан ВЧД-26 командасы 10 мың теңгені қанжығалады. Сондай-ақ, ДС Достық командасының ойыншысы инженер-технолог Ұлан Сартмолдаев «Үздік қақпашы», 2484 ә/б комендатура сарбазы Құттыбай Нәлібаев «Үздік шабуылшы», ДС Достық командасының ойыншысы, вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші Шалқар Сырымов «Үздік ойыншы», ВЧД-26 командасының ойыншысы Ержан Саржанов «Үздік қорғаушы» атанды.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады