Жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады

Әлеумет
02.05.2019, 13:50

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Нұрлы жол» вокзал кешенінде Қазақ радиосының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Сазды-сауықтық бағдарлама – ұлттық радио мен жаңа вокзал кешенінің бірлескен жобасы.

Таяуда ғана «Нұрлы жол» вокзалы кешені мен Қазақ радиосы ұжымы арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Міне, соның нәтижесі сәуір айынан бастап «Нұрлы жол» вокзалында қазақ радиосы ұдайы қосулы тұр, сапарға шыққан азаматтар мен қала қонақтарына кешеннен хабар таратады.

Осы ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылып отырған бұл жолғы жобаның мақсаты – көпұлтты мемлекетімізді мекен еткен халықтың мызғымас бірлігін және ұлтаралық татулықты ұлықтау, республикамыздың барлық өңірін қамтитын Қазақ радиосының тікелей эфирі арқылы заманауи үлгідегі «Нұрлы жол» вокзал кешенін жалпақ жұртқа таныстырып, имиджін арттыру, танымалдық аясын кеңейту.

– «Нұрлы жол» вокзалы – сәулетті елордамыздың бас қақпасы, еліміздің барлық бағыттарына жолаушы пойыздарын аттандырып, күніне мыңдаған жолаушыларды сапарға шығарып салатын нағыз тоғыз жолдың торабы. Бірлік мерекесінде сондай үлкен сапарларға жолға шығып жатқан халықтың көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйласақ деген ниетпен бірлігі жарасқан көпұлтты мемлекетіміздің мерейін асырар мерекелік концертке Құрмаш Маханов, Индира Расылхан, Ерлан Рысқали, Шахаризат Сейдахмет, Аяулым Қамажан, Айбек Бекбосынов, Ләйлә Исаева, Оралхан Алтынбеков, Рухия Байдүкенова, «Дара» дуэті мен «Өрлеу» триосы сынды елге танымал өнер азаматтарын шақырдық, – дейді Қазақ радиосының директоры Серік Әбдуәлі.  

Шара аясында радио жүргізушілері көрермендер арасында радио мен вокзал және темір жол тарихы туралы сұрақ-жауап жарысын ұйымдастырып, дұрыс жауап бергендерге екі мекеме атынан сыйлықтар ұсынды. Көшпелі студия арқылы жолаушылармен, тұрғындармен тікелей эфирде сұхбат жүргізілді. Түрлі бағытта сапарға шығып бара жатқан жолаушылар ерекше концерттің куәсі болып, пойыздары хабарланғанға дейін қазақша әуен тыңдап, құлақ құрышын қандырды.

Солардың бірі Айтжан апа Нұр-Сұлтан қаласына балаларына қыдырып келіп, енді Семейге кетіп бара жатқанын, аяқасты осындай тамаша концерттің үстінен түскенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ал тағы бір көрермен Бимәриям апа осы вокзалда баласы жұмыс істейтінін, сондықтан концерт тамашалауға әдейілеп келгенін жеткізді.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады