Жеңіс күні қарсаңында семейлік теміржолшылар майдангерлерді құттықтады

Әлеумет
07.05.2019, 10:15

Жеңіс күні қарсаңында семейлік теміржолшылар байырғы әріптестері, жергілікті соғыс ардагерлерінің үйлеріне арнайы бас сұғып, мерекемен құттықтады. Қарт жауынгерлерге мерекелік сый-сияпаттарын тарту етті.

Семей байланыс және белгі беру дистанциясының бастығы Бейбіт Түменғали мен осы мекеменің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, ардагер теміржолшы Мақсұт Көшжанов ең әуелі қарт майдангер Дмитрий Литвиненконың үйіне келді. Қарт жауынгер меймандарға есікті өзі ашып, әріптестерін қуана қарсы алды.

Өңіріне Қазақстан туы түстес көгілдір жеңіс лентасын таққан, қазақ тілінде жатық сөйлейтін қарттың денсаулығы жақсы, әлі тың екен. Мерекемен құттықтай келген теміржолшыларға соғыс даласында түскен жастық шағындағы фотосуреттерін көрсетіп, қаруластарын, өткен күндерді еске алды.

Дмитрий Лазаревич 1943 жылы 17 жасында соғысқа аттанып, жаяу әскерлер сапында батыс Еуропаны басқыншылардан тазартқан. Майдан даласында-ақ байланысшы болған жауынгер елге оралған соң да теміржол саласында қызмет атқарып, радист болып ұзақ жылдар еңбек етіпті.

Келесі кезектегі сый-сияпат ұсынылған ардагер ШЧ29 мекемесінің байырғы теміржолшысы Кәмкетай Байыров болды. Әдеттегісінше, әріптестерін теңізші формасымен қарсы алған қарт өткен-кеткеннен қозғап, естелік әңгіме шертті. Осындай мереке күндері елепескеріп, құттықтап келетін теміржол саласының басшыларына алғысын да білдірді.

– Мен теміржолға жұмысқа келген жылдары осы салада 2 мыңнан астам майдангер еңбек етуші еді. Бүгінде солардан тек екі адам ғана арамызда жүр, – деп еске алды Мақсұт Көшжанов.

Қуан ЕРТІС

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады