Он бесінде от кешкен Рахила Қанатбаева

Әлеумет
08.05.2019, 12:56

Ақтөбелік Рахила Қанатбаева бүгінде 93 жаста. Ғасырға жуық жасаған қария 15 жасында соғыс даласына аттанған. Әлеуметтік мәртебесі тыл ардагері болғанымен, қолына қару алып соғыспады демесеңіз, қан майданның сұрапыл сұмдығын бастан кешкен жан.

«Небір қиын заманды көрдік. Әкеміз үлкен бай, ауқатты адам болған. Кейін репрессияға ұшырап, балалары жан-жаққа бытырап кетті. Соғыс жылдары бізді «байдың қыздары» деп от пен оқтың ортасына ерте жұмсады. 15 жасымда пойызға мініп, немістер қиратып кеткен Астрахань қаласына бардық. Ол кезде аяғымызда аяқ киім деген жоқ. Қатты қағазды аяғымызға шөппен орап алып, окоп қазу жұмыстарына жегілдік», – деп әңгіме айтады Рахила әжей.

1943 жылы аттанған он бес жасар қыз бала бір жылдың ішінде көрмегені жоқ: қираған үйлерден мүрделерді алып шығып, жаралыларды госпитальға тасып, олардың жарақатын таңған дәкелерді тазалап, ыссы суға қайнатып, ота жасайтындарға беріп отырады екен. «Арқамызға мәйітті салып келе жатқанымда алғашында қатты қорқатын едім, кейін үйреніп кеттік қой. Ол кезде бәрі қат болатын. Өлген сарбаздардың аяқ киімін киіп жүрген кездер болды. Үнсіз жүріп, нәр сызбастан еңбек еттік. «Соғыс тезірек бітсе екен» деп қана армандайтын едік» дейді.

1944 жылы тексеріс болып, оқушы балалар деп бір топ жас қызды елге қайтарады. Шалқарға келген соң жергілікті депода жұмыс істеп, ып-ыстық шойын құятын цехта танкінің құралдарын, оқ-снарядтар жасаған.

«Ол кезде еңбекақы деген болмайтын. Тек бір келі нан мен асханадан бір мезгіл ыстық тамақ жегенімізге шүкір ететінбіз. Қолымызға үлкен балға береді. Паровозбен келетін зілдей шойын темірлерді кілең қыз-қырқын зауытқа тасып, отқа салып ерітетін едік. Сосын одан қару-жарақ жасалады. Кілең бала-шаға, қартаң-құртаңдарға жұмыс оңай болмады. Бірақ ел басына туған күнді көтеріп алдық, қайыссақ та сынбадық», – дейді ардагер.

Қанатбаева Рахила – Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаевтың шәкірті, 4-сыныпқа дейін сабақ берген екен. Қарияның үш баласы да теміржолшы болған. Екі ұлы машинист болса, үшіншісі желілік полиция бөлімінде теміржол бойындағы тәртіпті қадағалаған. Ұлдары қайтыс болған кейуана қазір кіші қызымен Ақтөбе қаласында тұрып жатыр. Басында жеке баспанасы жоқ. Тыл ардагері совет үкіметі мен қазақ билігінен ештеңе алып көрмесе де, ешкімге өкпесі жоғын айтты.

Ардақ ЕРУБАЕВА

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады