Жүз жасаған майдангер-теміржолшы Бұғыбай Нәрікбаев

Әлеумет
08.05.2019, 14:01

Көненің көзіне айналған қарт майдангер-теміржолшы Бұғыбай Нәрікбаев – Сыр өңірінің ғана емес, жалпы ел теміржолшыларының мақтанышы. Соғыс ардагері биыл тоқсанның алтауына толып отыр.

Сұлутөбе топырағында дүниеге келген Бұғыбай қария 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, әрі қарай Ұлы Отан соғысына аттаныпты. Бір кездері соғыста болғанын жасырын ақтап, сұлутөбелік Мұстафа Шоқайдың ауылдасы ретінде сол кездегі солақай саясаттың құрығына ілініп, теперіш көрген де сәттері болған деседі...

Қария соғыс жайлы әңгімелеуді онша жақтырмайды. Тек қана Смоленск майданында жаумен бетпе-бет келіп, қиян-кескі ұрысқа қатысқанын кейде айтып отырады екен.

Есесіне өзі жұмыс жасаған жылдары теміржолдың жағдайы, барлық еңбек қол күшімен атқарылғаны, соғыстан кейінгі ауыр жағдайда теміржолда ғана уақытылы берілетін еңбекақыға жан бағуға жетер-жетпес тамақ тауып жеуге мүмкіндік болғанын айтып отырады екен. «Бірақ еңбеккүнді аз төледің деп жұмыстан қалу, жалқаулану біздің ойымызға да кірмейтін, пойызды өзіміз сүйреп жүргізетіндей көріп немесе жұмыстан қалсақ, пойыз жүрмей қалатындай сезініп, жан аямай еңбек еттік», – деп теміржолдағы жұмыстың жауапкершілігі жайлы әңгімелегенді ұнатады екен.

Майданнан оралған Бұғыбай қария Шиелі станциясында еңбек етіп, зейнетке шығады. Кеудесінде «Отан соғысы» ордені мен «Г.К.Жуков медалі», ҰОС жеңісінің мерейтойлық кеуде белгілері жарқыраған қария төрт қыз, үш ұлынан тараған немере-шөберелерінің арасында қамсыз қарттығын кешіп отыр. Ұрпағына соғыссыз бейбіт өмір тілейді.

Азамат ҚҰЛЫМБЕТ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады