Есенжол Баймұқанов Ауғанстандағы миссия туралы

Әлеумет
10.05.2019, 11:23

Есенжол Баймұқанов – ел алдындағы әскери борышын 1980-ші жылдары Кеңестік Қарулы күштер қатарында Ауғанстанда өтеп келген жан. Бүгінде Магистральдық желі дирекциясының Техникалық даму департаментінде 1-дәрежелі менеджер болып жұмыс істейді.

– Мен 8 сыныпты бітіргеннен кейін Целиноград темір жол көлігі техникумына оқуға түсіп, оны «Тиеу жұмыстарының механизациясы» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Техникумнан кейін әскерге шақырылдым. Басында Семейде, сосын Отарда әскери дайындықтан өтіп жаттық, кейін бізді Ауғанмен шекаралас Түркіменстанның Кушка қаласына жіберді. Семейде жүргенімізде Ауғандық бауырлас халыққа интернационалдық көмек көрсетуге келісеміз деп жаздыртып алды. 1979 жылы Ауған жеріне бірінші әскери бекініс орнатылды.

Бізде әскери рота жасақталып, жаяу әскер полкінен, қазақтың жігіттерінен ең үздік 10 механикті іріктеп алды. Мен солардың қатарында болдым. Үш айдай оқу-жаттығудан өткен соң бірден Кандагарға бардық. Шындандағы әскери әуежайды қорғауға алдық. Фарахқа бардық, Ауғанстанның басқа қалаларына да рейдке шығып тұрдық. Ал мені жөндеу ротасына жіберді. Менің міндетім, двигательді, тағысын тағы техникаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу болатын. Сондықтан рейдке көп шықпадым. Маджахедтермен болып жатқан соғысқа тойтарыс беру болатын біздің миссиямыз. Алғашқы жылдары олар партизандар сияқты ара-арасында ұрысқа шығып тұрды. Кейін күш алды ғой. Ал біз 1980 жылы елге оралдық, – дейді Есенжол Ешкенұлы.

Елге оралған соң интернационалист-жауынгер өмірін теміржолмен байланыстырып, Ақмола жол дистанциясына жұмысқа тұрыпты. Жол бригадирі, механик-реттеуші, дефектоскоп вагонының инженері, вагон бастығының орынбасары сияқты қызметтерді атқарып, 1997-2001 жылдар аралығында Бас жол басқармасының Ақмола филиалы бойынша жолды диагностикалау орталығын басқарыпты. Ал кейінгі төрт жылда Жол басқармасының жобалық конструкторлық-технологиялық бюроның перспективалы әзірлемелер бюросын басқарып, кейінгі бір жылда Ғылымиөндірістік орталықтың жол шаруашылығын дамыту бөліміне жетекшілік етеді. Соңғы он бес жылдан бері Техникалық даму департаментінде бөлімді басқарып келеді.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады