Шымкентте 45 теміржолшы отбасы спорттық ойынға қатысты

Әлеумет
10.05.2019, 12:33

Жуырда 14 аймақтан келген 45 теміржолшы отбасы Шымкент қаласында бас қосты. «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «ҚТЖ-Жүк тасымалы» филиалы ұйымдастырған спорттық шара мақсаты – биылғы Жастар жылына орай жас отбасыларды қолдау, бала мен атаананың қарым-қатынасын нығайтып, отбасы құндылығын арттыру.

Шырайлы қаланың шет жағындағы демалыс орнына жиналған отбасылар – ата-аналар мен олардың балалары арасында спорттық ойын түрлерінен жарыс өтті. Жиылғандар «Тұлпар», «Пуля», «Стрела» атты үш командаға бөлініп, өзара сайысты. Әр командада 15 ата-ана, 15 баладан болды.

«Биыл Елбасымыз Жастар жылы деп жариялады. Сол себепті, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалдарынан жас отбасыларды, яғни ата-аналары мен балаларын жинап, Шымкент қаласында спорт жарысын өткізіп отырмыз. Бұл шара, біріншіден, жастар жылына орай өткізілсе, екіншіден, бала мен ата-ана қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған. Үшіншіден, шараға үйде декреттік демалыста отырған аналарды да қатыстырып, олардың көңілін көтеру үшін ұйымдастырдық. Іріктер кезде біз, әрине, осыған дейін де спорттық шараларға белсенді қатысып жүрген отбасыларды таңдадық. Ойынға әр өңірден 45 ата-ана мен 7-10 жас аралығындағы 45 бала іріктелініп алынды. Спорттық шарадан басқа, алда арнайы экскурсиямыз бар. Шымкент мәдени көне қала болғандықтан көрсететін жерлер көп. Оның үстіне, жаңадан ашылған Түркістан облысына да саяхат жасап, тарихи да киелі жерлерді аралатып, өзіміздің кең-байтақ отанымыздың құндылықтарын жас отбасылар мен олардың балаларына таныстыруды мақсат тұтып отырмыз», – деді Орталық аппараттың «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ кәсіподағының бас бухгалтері Айқын Өтегенов.

Айта кетейік, мұндай шара 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесіне орай Астана қаласында өткізілсе, 2018 жылы балаларды Алматыда өткен Универсиаданың спорт кешендерімен таныстырған болатын. Шараға теміржолшылардың 9-11 сынып оқитын балалары қатысты.

«Командааралық жарыста «Тұлпар» командасы айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Дегенмен, он бес адамнан үш командаға бөлініп, әр өңірден 3 отбасы, 3 бала топтасқан командада ана өңір немесе мына өңір жеңді деуге келмейді, сайып келгенде жарысқа қатысқан 90 адамның бәрі жеңімпаз. Ұйымдастырушылар олардың бәрін әдейі жеке өңірге бөлмей, бір-бірімен араластырып ойнатыпты. Бір-бірімен таныссын, аралассын деген мақсат болған көрінеді.

Шара соңында барлық жеңімпаз ата-аналар мен балаларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – Шымкент филиалының кәсіподақ комитеті төрағасы Хайрулла Сәрсенов келген қонақтарға жылы лебізі мен алғысын білдіріп, өз атынан Шымкенттің қызғалдақ бейнесі бар бокалдарын сыйға тарту етті.

Спорттық шарадан соң әр аймақтан келген қонақтар шырайлы қаланың көрікті жерлерін аралады. Атап айтқанда, зообақ, дендробақ, мұражайлар мен Жеңіс саябағы көпшіліктің зор қызығушылығын туғызды. Бұдан кейін Түркістан облысы, Түркістан қаласына бет алып, киелі жерлерді, сан ғасырлық тарихы бар атақты Қожа Ахмет Яссауи кесенесін тамашалап, естелік суреттерге түсті.

Шараға Екібастұз қаласынан келген қонақ Гүлнәр Жүсіпова станцияда жүк қабылдап-тапсырушы болып жұмыс істейді. Ол жарысқа 10 жасар қызы Дилярамен бірге келген. «Шымкент өте әдемі қала екен, бірінші рет келіп тұрмыз. Қала қатты ұнады. Алған әсеріміз тамаша. Табиғаты жылы, жап-жасыл қала», – деп тамсанды Гүлнәр Асқарқызы.

Жас теміржолшы отбасылары естен кетпестей ерекше әсер қалдырған шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады