Қазақтың батыр қайсар қыздары туралы әңгіме

Әлеумет
13.05.2019, 14:41

Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесі қарсаңында Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына қарасты Алматы көлік колледжінің акт залында «Батыр апалар ерлігіне – мың тағзым!» атты патриоттық кеш өтті.

Кештің қонағы – колледж директоры Е.Әуесбаевтың арнайы шақыруымен келген М.Тынышбаев атындағы ҚазККА-ның «Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау» кафедрасы доценті, Әлия-Мәншүк мұраларын зерттеуші Кеңес Жүсіпов болды.

Кеш басында К.Ә.Жүсіпов қазақтың батыр қыздары Әлия, Мәншүк және Хиуаздың ерлікке толы ерек өмірі, Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі, туған елге деген зор махаббаты, халқымызға, барлық ұрпаққа үлгі-өнегесі туралы әңгімеледі. Ерлермен бірге қан майданда қаһармандық пен қайсарлықтың қайталанбас үлгісін көрсетіп, өшпестей даңқын қалдырған қазақтың қайсар қыздары Әлия, Мәншүк және Хиуаз әрқашан да құрметтеуге тұрарлық», – деді ол.

Бұдан кейінгі әңгіме желісі академия студенттерінен құралған делегацияның батыр апаларымыз жерленген Ресейдің Псков облысына жасаған сапарлары жайына ауысты. Оның бірі 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылса, екіншісі 2016 жылы Новосокольники қаласының 115 жылдық мерейтойына орай өткен еді. Баяндамашы студенттерден құралған отрядтың батыр апаларымыздың жерленген жерлері – Ресейдің Псков облысының Новосокольники және Невель қалаларына сапарлары жайында, яғни апаларымыздың бейіттеріне гүл шоқтарын қойып, рухтарына құран бағыштап, тағзым етіп қайтқандары, жергілікті оқушы жастармен, сонымен бірге соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу өткізгендері, әскери даңқ мұражайларын аралағандықтары жайлы, Мәскеудегі Әлия даңғылы бойында орналасқан батыр қыз атындағы мектепте болғандарын бейнесюжеттер мен слайдтар арқылы қызықты әңгімелеп берді.

Биыл Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында Ресейдің Санкт-Петербор қаласында қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың құрметіне арнап жасалған ескерткіш ашылған болатын. Студенттер өздерін қызықтырған жайлар бойынша сұрақтар қойып, сапар иесі оларға жауап берді. Кеш соңында баяндамашы Кеңес Жүсіпов колледж кітапханасына батыр апалар жайлы еліміздің және ресейлік газеттерде жарық көрген материалдарды тарту етті. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады